Қатысушылар: Күз, Қоян, Түлкі.
Балалар: Балалар қолдарына жапырақ ұстап кіреді.
(Балалар көңілді музыка ырғағымен залға кіреді де, жартылай шеңбермен турады)
Жүргізуші: (күзгі орманға көңіл аударады).
Қарандаршы балалар, күзгі орман қандай әдемі!
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балалар Күз ханшайымды шақырайықшы.
Балалар: Күз, күз, кел, кел!
Жүргізуші: Міне, Күз де келе жатыр, бізбен бірге мерекені тойлауға.
(Салтанатты музыкамен Күз келеді, айналып, билеп, қолында себет бар, балалар шапалақтайды)
Күз: Сәлеметсіздер ме!
Мен, Алтын күзбін!
Мерекеге келдім,
Күзгі сыйлықтарды,
Балаларға әкелдім, деп, себетті ортаға қояды.
Мынау менің күзгі сыйлықтарым. Мына себеттің ішінде жеміс жидектер бар, олар деңсаулыққа пайдалы. Ой балалар менің жеміс жидегім шашіліп қалды жинауға көмектесіп жіберндерші балалар.
Жүргізуші: Балалар, Күз Ханшайыммен ойын ойнап алдық енді ән айтайық
Ән «Алтын күз»
Күз ханшайымы: Әндерін маған ұнады.
Көніл көтеріп би билейік
(балаларға жапырақтарды таратады)
Би «Жапырақтар» (бәрі билейді)
Жүргізуші: Күз қаншайымы бізбен бірге балалардын өнерін тамашаланыз көніл көтеріңіз ! Орындыққа отырыңыз, бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Тақпақтар
Жүргізуші: Бізде бар үлкен қолшатыр, кәне қолшатырдың астына тұрып, Алтын күзге әнімізді шырқайық.
(Балалар қол ұстасып ортаға жартылай шеңбер жасайды)
Ән «Қолшатыр»
Күз: Балалар, бізге біреу келе жатыр
(қоян залға секіріп кіреді )
Жүргізуші: Қош келдің қоян
Қоян: Сәлеметсіздер ме ! ой балалар, күз мезгіліде келіпті ғой сендер маған қысқы азығым жақсы көретін сәбізім жинауға көмектесесіндерма?
Жүргізуші: Қане балалар барлығымыз бірге қоянға көмектесіп жіберейік
Ойын: сәбіз жинау
Түлкі: Тук-тук-тук!
Жүргізуші: Балалар бізге тағыда қонақ келген сияқты. Қане қарсы алайық
Түлкі: Сәлеметсіздер ме! - балалар
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе! түлкі қош келдіңіз
Түлкі: Балалар сендер қоянды көрдіндер ме? Мен қоянды ренжітіп алып едім.
Қояннан кешірім сұрап , дос болайын деп едім.
Балалар: Ия, қоян осында
Жүргізуші: Балалар түлкі мен қоянды дос болуына көмектесейік.
Түлкі: мен қоянмен дос болдым, екеуміз бірігіп ойын ойнайық
Ойын: «Қолшатыр»
(Балалар көңілді музыкамен билейді, жаңбырдың дыбысын естігенде үлкен қолшатырдың астына тығылады, ойыннан кейін қол ұстасып орындарына отырады)
Ән: Кап – кап, Тук - Тук
Күз: Міне керемет, қоян мен түлкіге көмектестіндер, өнерлерін көрсеттіндер, жарайсындар балалар. Сендермен өте көңілді, бірақ біздін қайтатын уақытымыз келді. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар алтын күз, қоян, түлкілермен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз келді. Күз ханшайымның сыйлықтарын алып, топқа барайық.