Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.
Ұйымдастырушылар: мектепалды топтары
Зал: мерекеге сай безендіріледі,
Сабантой-берекенің бастауы.
«Сабантой» — ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді. Әрине мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. «Сабантой» мереке әрі егіншілердің еңбек қорытындысы десе де болады.
Пролог: «Қырманға кел, қалқатай» биі
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Хор: «Күз келді»
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке, ала келді.
Кейіпкерлер келеді. Алтын күз, Бағбан ата, Диханшы
Сондықтан алтын күз — жомарт күз дейміз. Қонақтарымыздың құрметіне тақпақтар айтып берейік.
1-топ: Тақпақтар: 12 бала: Қазбек Айзере, Айтуған Айзере, Айсана, Алижан, Айлин, Илхам,Асия,Қадыр Айзере, София, Арыстан, Әліби, Айтуар
Би: «Жапырақтар» қыздар билейді.
Жүргізуші:
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын тау.
2-топ: Тақпақтар 11 бала: Арсен, Таңшолпан, Нұрсұлу, Т.Алихан, Аянұр, Жұлдыз, Медина, Інжу, Жасмин,Адиат,Мухамадали, Айбике
Жүргізуші:
Сары ала көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштардың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімізді күз келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп
Хор: «Алтын күз»
Кейіпкерлер келеді. Алтын күз, Бағбан ата, Диқаншы 2 ауылды аралап кіреді.
Ұлттық ойын түрлері: «Қазақ күресі»
Қатысушылар: Айсұлтан К.Мақсат,Айтуар, Дарын
Алтын күз: жұмбақ жасырады.
Жұмбақ шешіп көрейік, жауабын дұрыс берейік.
1) Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)
2) Доптар жатыр желісі бар,
Қабат - қабат терісі бар. (Орамжапырақ)
3) Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрек доп жатыр. (Қызылша)
4) Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. (Алма)
Би: «Қоңыздар»
Ұлттық ойын: «Асық ату»
Қатысушылар: Мансур, Таир. Абдуллах, Арлан, АйсұлтанС, Ахмет, Марлен, Ислам.
Кейіпкерлер келеді. Алтын күз, Бағбан ата, Диханшы 2 ауылды аралап кіреді.
Ойын: «Кім жылдам?» топтық 6 бала
Диханшы ата бата береді
Хор: «Келді міне, Алтын күз»
Жүргізуші:
Ырысымыз несібеміз мол болсын,
Күзгі бақта жапырақтар жайнасын.
Мынау біздің бейбітшілік заманда,
Бүлдіршіндер күлім қағып ойнасын.
Күз жақсылықтарға толы болып, молшылыққа кенеле берейік.