Ересек топтарының «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгіліктері.
Би мен кіру:
Жүргізуші
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Балалар көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
Балалар қарандаршы бізбен бірге қонақта кім жүр?
Сәлем менің достарым,
Күз ханшайым:Күз сыйлығын алындар.
Сыйлығына қаныңдар,
Молшылыққа кенеліп.
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргіші: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Күз мезгілі туралы ән білеміз бе.
Күз келгенде тамаша әнін бірге шырқайық.
«Кейіпкерлер» музыка мен кіреді. Көкеністер туралы дауласып кіріп келеді.
Жүргізіуші Сіздер кімсіздер? неге дауласып жатсыздар? Кане дауласпаныздар сіздерге қазір көкеністермен қандай пайдасы бар екенін айтып береді, кейіпкелерге.
Бау-бақшасы көп өлкеде
Көкөністер жиналып
Үлкен айтыс құрыпты
«Көрініс» балалармен
Бұршақ: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Жүргізуші: Ызаланғаннан қызылша ортаға жүгіріп шықты.
Қызылша-Абдрахан:
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат- Даяна:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді ши қайда
Мені қосса самсаға,
Жейді бәрі тамсана.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ- Медина:
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Пияз- Азалия:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп-Айша:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Қарбыз:
Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.
Асқаба-Айлин:
Асқабақтың дәмі
Таңдайымда әлі,
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Сәбіз:
Сары дәмді ұзынмын
Жер астына тығылдым,
Күзде қазып аласың
Тамаққада саласын
Егер мені көп жесең,
Биік ұзын боласың.
Жүргізуші:
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер! Жүргізуші:Балалар неге күзді «Алтын күз» дейміз? (Балалардың жауаптары.) Ал неге жомарт дейміз? (Балалардың жауаптары.) Дұрыс айтасыңдар, өйткені күзде жеміс-жидектер, көкөністер, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондықтан алтын күз — жомарт күз дейміз. Алтын күздің құрметіне тақпақтар айтып берейік.
Жүргізуші: Аққудай қалықтаған көл бетінде,
Теңіздей толықсыптұр тербетіле.
Қол соғып қарсыалыңыз бишілерді,
Шығады өнерлерін көрсетуге. дегендей
ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. Би «Картоп жинау» Күз ханшайымы: өте жақсы балалар ,енді ойын ойнап көрсек қалай қарайсыңдар Ойын: «Кім жылдам» (Балалар төрт топқа бөлініп ағашқа жапырақтарды жапсырады.) Жүргізуші: Өте тамаша осы ойынның арқасында балаларымыздың ойынға деген қызығушылықтарын байқадық,ендеше мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.
Айша қызымыздың орындауындағы «Алтын күз келді» әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін! Жарайсыңдар!
Бас қостық бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз
Мың бұралып билейміз
Думандатып, мерекені
Әрі қарай тойлаймыз. – бүлдіршіндеріміздің «Саңырауқұлақтар» биімен қарсы алыңыздар!
Би: «Саңырауқұлақтар» Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым,Сау болыңдар балалар!,Келгенше жыл айналып. Балалар: Күз ханшайымы мен қоштасады. «Күзді» келесі кездескенше деп, шығарып салайық! Қош бол жомарт күз! Берекелі бақ – дәулет, Арта берсін тойланып. Сау болайық, әлеумет, Келгенше жыл айналып дей келе «Алтын күз» әнін шырқайық. Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет.