«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Арман "ересек тобының ұйқыдан кейінгі жаттығу кезеңі.

09.10.2023

Мақсаты: Балалардың  денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту. Балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру.

       Күн тәртібіндегі денсаулық сақтау жағынан маңызды бір шара – ұйқыдан кейінгі шынықтыру кезеңі болып табылады. Баланың денсаулығын нығайту үшін, оның жас ерекшелігінің физиологиялық даму кезеңдерін және оның денсаулығын жақсарту мен қуаттайтын қажетті шараларды анық білу қажет.

Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз. Түскі ұйқыдан әрбір бала жеке оятылады. Біздің топта ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.
Тәрбиеші: Әби Марал

Просмотров: 517


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст