Текст
Мақсаты: Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен таныстыру. Дәстүрден тыс технологияны қолдана отырып, гүлдің суретін бастыру арқылы салуға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Баланың жан – жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған дәстүрден тыс сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді.