«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.01.2017

       Биылғы  2016-2017 оқу жылында  «Балдырған» мектеп-балабақшасында 8 педагог

өз біліктілік санаттарын көтеруге өтініш берген болатын.  Осы педагогтардың  жұмыстарының нәтижесін көрсету, іс-

тәжірибемен алмасу, қорытындылау мақсатында   

«Тәй-тәй» технологиясы  негізінде 

мектепке дейінгі мекемелерде оқу үрдісін жүргізу» тақырыбында

шебер-сынып  өткізілді.

     Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде «Тәй-тәй» технологиясымен

жұмыс жасаудың ерекшелігі, орталықтарда 

балалармен жұмыс жасау тиімділігі мен әдісін көрсету. «Мәңгілік ел »

жалпы ұлттық идеясының мектепке дейінгі мекемесінің оқу-тәрбие  үрдісі арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз

ету.

  Шебер-сынып Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен байланыстырылды. Бағдарлама бойынша шебер- сынып «Қазақстанның әсем қалалары» деген

тақырыпта топтарға саяхаттан басталды. Мақсаты:

Еліміздің ең алғаш астана болған қалалары туралы мағлұмат беру, қаланың

көрікті жерлерімен таныстыру.

   Саяхаттан соң тәрбиешілер өз әріптестерімен «Тәй-тәй» технологиясы бойынша орталықтарда жұмыс жасау тиімділігі мен

әдісі» тақырыбында шебер- сынып өткізді. Мақсаты: Орталықтарға бөлініп жұмыс жасаудың ерекшелігі, балалардың

жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалының зор екенін түсіндіру. Шығармашылық

қабілеттерін арттыру үшін, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдермен жұмыс жасауға баулу.

Шебер- сыныпты бекіту үшін педагогтар жоғарыда айтылған

технология бойынша ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерін көрсетті.

  Бағдарламаның

келесі кезеңі «Бабалар арманы» атты

тәрбие жұмысы болды. Бұл іс- шарада педагогтар мен тәрбиеленушілердің күшімен

еліміздің тәуелсіздікке қалай жеткендігі туралы кішігірім қойылым көрсетіліп,

тарихымызға шолу жасалды. Іс шара педагогтар мен тәрбиеленушілердің орындауында

«Атамекен» әнімен аяқталды.

Шебер- сынып соңында біліктіліктерін көтеруге өтініш

берген педагогтар «Менің шығармашылық жұмысым» тақырыбында өздерінің есептерін

беріп, әдістемелік бағыттағы жүргізілген жұмыстарымен, нәтижелерімен бөлісті.

  Қатысушылар

соңында шебер-сыныпқа рефлексия жасап, өз ойларымен бөлісті, ұсыныс, тілектерін

білдірді.

  Осындай ауқымды,

мазмұнды түрде өткен іс- шараға келген әріптестеріміз  біздің мектеп- балабақшамыздың педагогтарының

іс- тәжірибесімен танысып, біраз мағлұмат алып, өздерінің жұмыстарына қажетті

әдіс- тәсілдерді меңгеріп, жақсы әсер алды деп ойлаймыз.

 

 

Просмотров: 873


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст