Балаға саналы тәрбие мен сапалы білім беру –
барша педагогтың міндеті. Тәрбие мен білім беру жолында бала жүрегіне жол таба
білуіміз қажет. Келешектің тұтқасы да, тірегі де жас ұрпақ . Оларға тәрбие мен білім беруде шалыс басып, қателесуге болмайды. «Не ексең, соны орасың »
демекші, дұрыс берілген білім мен тәрбие баланың болашағынан көрінеді. Ой өрісі
жоғары , тіл байлығы мол, заман талабына сай, тәрбиелі, білімді, мәдениетті
азаматтарды қалыптастыруда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Осы орайда
«Балдырған» мектеп-балабақшасында ересек
топтары мен мектепалды даярлық топтары балаларының қатысуымен балабақшаішілік
«Зерек бала» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылған болатын.
Ойынның мақсаты: Балалардың жеке қабылетін ашу, шығармашылық дербестігін
дамыту,қызығушылығын арттыру, белсенділікті, ізденімпаздықты қалыптастыру,топта
бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың
шеберліктерін, ой-өрісінің қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшандыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу.
Ойынға барлығы 10 бала қатысты. Ойын шарты
бойынша 3 кезеңнен тұрды, әр кезеңде 2 тапсырмадан беріліп, қатысушылар станция бойынша тапсырмаларды орындады.
1 кезең: «Есепте» аялдамасы есеп шығару (2 тапсырма 3 минуттан).
1.
Жауаптары бірдей мысалдарды
сызықтар арқылы қос.
2.
Заттарды сана, бір сөзбен ата
2 кезең: «Ойлан- тап» аялдамасы (2 тапсырма 3 минуттан).
1. Тура осындай қонжықты тап
2. Лабиринт
3 кезең: «Оқып көр» аялдамасы (2 тапсырма 3 минуттан).
1.
Сурет бойынша 3-4 сөзден
тұратын сөйлемдер құрастыру.
2.
Айырмашылығын тап
Барлық кезеңдерден балалар
шамаларына сай орындап отырды.
Әділ-қазылардың бағалаулары бойынша Калиев
Мансур, Садыкова Медина, Азатбек Разия, Кихмет Кәусар, Калиакпарова Аружан сынды тәрбиеленушілер үздік деп танылды.
Қатысқан барлық балалар Сертификаттармен
марапатталды. Ал үздік деп танылған балалар балабақшамыздың намысын аудан
көлемінде қорғайтын болды. Тәрбиеленушілерімізге алдағы сынақтардын сүрінбей,
намысты қолдан бермей, жеңіспен оралуларына сәттілік тілеймін.