Балабақша – балалардың тәрбиеге, білімге, өнерге бастау алар ошағы.
Балабақшаның табалдырығынан бастап, біз бүлдіршіндерге дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар берсек болашақта
сол балалар ел үмітін ақтайтын адал азаматтар болатынына сенім білдіре
аламыз. Әр түрлі
ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу арқылы біз
тәрбиеленушілерді жан-жақты болуға баулып, оларды әр-қырынан танытамыз.
Күні кеше ғана өткен аудандық «Үздік тәрбиеленуші-2017 » байқауы осыған дәлел болмақ. Бұл байқауға
аудан бойынша барлық мектепке дейінгі мекемеден
он үш тәрбиеленушілері қатысты. Сонын ішінде «Балдырған» мектеп-балабақшасының
тәрбиеленушілері Сухецкая Дарья және Бақытбек Дінасыл да бар.
Дарья ұлты басқа болсада еліміздің нағыз патриотты екенін көрсетті.
Ал Дінасыл болса кешегі өткен сал- серілердің салған ізі екенін танытты . Қандай тапсырма болмасын жақсы орындап, шығармашылық танытып,
көрермендер көзайымына ие айналды.
Тауды, биік екен деме,
Талаптансаң шығасын, демекші
өздерінің біліміменен жан –
жақты дайындығымен мектеп – балабақшаның екі тәрбиеленушісіде
топ жарып жүлделі орындарға ие болды. Дарья бірінші
орынды иеленіп «Үздік тәрбиеленуші-2017» атанды.
Ал Дінасыл үшінші орынды қанжығасына байлады. Қашанда жұмыла
көтерген жүк жеңіл болады
демекші, ата-ана мен педогогтар біріге отырып
осындай үлкен нәтижеге қол жеткізді. Алда талай сайыстар бар.
Сол сынақ – сайыстардан біздің мектеп – балабақша тәрбиеленушілері де Дарья
мен Дінасыл сияқты әрқашан алда болады деген
сеніміміз мол. Оған дәлел
мектеп – балабақша ұжымының таудай талабы мен қажырлы еңбегі.