«Өзін-өзі тану» пәнінен жүргізілген онкүндік апталықтың жоспары бойынша
1- сыныпта өтілген іс- шаралар жайлы ақпарат
1-сыныпта Өзін-өзі
тану пәнінен « Алтын жүрек - анамыз» тақырыбында тәрбие сағаты және « Өнеге-
отбасынан» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
«Алтын жүрек-
анамыз» тақырыбындағы тәрбие сағаты шаттық шеңберімен басталды. Оқушыларға өлең
шумақтарын оқып беру арқылы тақырыбы ашылды.Тәрбие сағаты «Бөбек» қорының
президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне арналатыны айтылды.
Оқушыларға С.А. Назарбаеваның өмірі мен отбасы суреттер арқылы таныстырылды.
Анамызға арнап өлең шумақтарын арнап, әндер орындады. Елбасымыздың анаға
байланысты нақыл сөзі түсіндірілді.Оқушылар бір-бірімен жағдаятты талдап,
сұрақтарға жауап берді. С.А.Назарбаеваның«Өмір әдебі» кітабынан үзінді оқып
беру арқылы әр адам өз өміріне жауапты болуы керек және маңызды болатыны
айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, топтастыру әдісі арқылы анамызға өз
ойларын жазды. Өз жүректерінен шыққан жылы сөздерін жүректен-жүрек арқылы
жеткізді.
«Өнеге- отбасынан» тақырыбындағы ашық сабақ,оқушыларға үнтаспадан өлең тыңдату
арқылы, бүгінгі сабағымыз отбасыға байланысты болатынын анықтады. Оқушылар жұппен
бірге « Отбасы»сөзін топтастырып жазды. Топпен бірге отбасыға байланысты сөздерден
сөйлем құрастырып, бір-бірінің сөйлемдерін дұрыстығын тексерді. «Өнегелі отбасы»
тақырыбында мәтін оқылып, ұжыммен бірге талданды. Отбасыға байланысты суретті
өз отбасылармен салыстырды. «Менің отбасым» деген тақырыпта өз отбасылары
туралы қағаз бетіне түсірді. Бейнежазба көрсету арқылы оқушылар өз ойларын
айтып шықты.Өз отбасыларына жүректен- жүрекке арқылы тілектерін жазды.