«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-наурыз мерекес3

19.06.2017

6-7 наурыз күні мектеп-балабақшада арнайы құрылып, бекітілген жоспар

бойынша «Ана-өмірдің гүлі» атты

мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Мерекеге 

музыка залы әсем безендірілді. Ертеңгілік ортаңғы, ересек, мектепалды

даярлық топтарымен өткізілді. 1-сынып оқушылары тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Аналар мен әжелерге шақыру қағаздары 

алдын-ала таратылды. Сол күндері қонақ ретінде төрден орын алды.  Ертеңгіліктер әр топта жеке-жеке құрылған сценарий

бойынша өткізілді. Мерекелік ертеңгіліктердің бәрін мектеп-балбақша директоры

Акпентаева Райхан Зейноллақызы балаларға және ата-аналарға деген ізгі

тілектерімен бастап берді. Алғаш болып ертеңгілікті ересек «Балдаурен» тобы

бастады. Ерекше  көңіл-күймен, әдемі

киінген, қолдарына  гүл ұстаған балалар

залға музыкамен кірді.  Олар ән  айтты, би 

биледі, көрініс  қойды. Аналармен

бірге ойын да ойнады. Кей топтарға қонаққа шуағын шашқан көктем келсе, бірнеше

топтарға сайқымазақ келіп, балаларды көңілдендірді. «Арман»тобының кішкентай

қыз балалары әкелерімен, жұп болып, жарасып билеп, көреремендер көзайымына

айналды. «Жеті лақ» ертегісін жаңа үлгіде сахналады. Балалардың барлығы

аналарға, әжелерге арналған өлең-тақпақтарын мәнерлеп айтты. Жеке болып ән

салған балаларымыз да болды. Атап айтсақ «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі  Сухецская Дарья «Әдемі» атты әнді нақышына

келтіре орындады. «Мирас» тобынан Серғазы Маржан және Мұхамеджанова Ғазиза

қыздарымыз да әсем әнді тамылжыта орындады.  Тағы да 

жеке орындауда «Ерке қыз», «Анашым», «Мен қазақ қызымын» әндері

шырқалды. Мектепалды даярлық тобының балалары 

қысқаша әзіл қойылымдар қойды. Балалар ағылшын тілінде тақпақ оқып ән

салды. Бірнеше топтарда ұл балалар « Джентельмен» биін биледі. Соңында барлық

топ балалары да аналарына, әжелеріне өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын

таратты. Осындай өткізілген ертеңгіліктерден балалар ұйымшылдыққа, тәртіпке, әдемілікке

үйренеді.  Өмірде аналардың алатын

орнының үлкен екенін және қыз баланы әрқашан сыйлау керек екенін түсінеді.

 

 

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст