2016-2017 оқу жылының соңғы мамыр айында «ZIAT» ғылыми -
әдістемелік орталығы қашықтықтан өткізілетін бірнеше сайыстар ұйымдастырған
болатын. Сол сайыстардың бірі ІІ Республикалық мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Үздік әдістемелік әзірлеме» сайысы
болатын. Сайыс 3 номинациядан тұрды:
1. «Үздік мерекелік
сценарий»
2. «Сабақтың таңдаулы
конспектісі»
3. «Үздік авторлық
бағдарлама»
Осы сайысқа мектеп- балабақшадан 13 педагог 3 номинация бойынша 20 жұмыс жіберген болатын.
Сайыс қорытындысы бойынша тәрбиеші Бекбаева З. Д. мен логопед Жақсалыкова А. С.
«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленсе,
тәрбиеші Текен Құралай «Сабақтың таңдаулы конспектісі» номинациясы бойынша І
орынға ие болды.
«Сабақтың таңдаулы конспектісі» номинациясы бойынша
тәрбиешілер Джетібаева Ж. Ж., Женбаева Д. О., Бекбаева З. Д., Иманбай Г.,
Жарқынова Ә. А. және 1-сынып мұғалімі Тағыбаева Т. Е., логопед Жақсалыкова А.
С, ІІ орындарға ие болды. «Үздік мерекелік сценарий» номинациясы бойынша
тәрбиешілер Джетібаева Ж. Ж., Женбаева Д. О., Иманбай Г., және 1-сынып мұғалімі
Тағыбаева Т. Е. ІІ орынға ие болды. Ал тәрбиешілер Қазкенова Ә. Ж., Утемисова
Т. Д., Сметуллаева Ж. Б., Алимова К. Е. болса ІІІ орынға тұрақтады.
Педагогтарымыздың нәтижелеріне қарап
«ZIAT» ғылыми - әдістемелік орталығының
қашықтықтан өткізген бұл сайысына аса үлкен жауапкершілікпен қарағанын
көруге болады. Педагогтарды осы жеңістерімен құттықтап, басқа да сайыстарда
биіктен көрінулеріне тілектеспін.