«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.06.2017

       «Мектепалды

даярлықтың үлгілік оқу бағдарламасы» баланың мектепте білім алу даярлығын қамти

отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және

әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген

құштарлығының дамуына ықпал етеді. Бағдарлама меншік нысанына және ведомстволық

бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар және мектепалды

сыныптары  үшін ҚР «Білім туралы» заңының 5 және 14 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министирінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген және бекітілген.

 Бағдарлама құрылымы мен мазмұны педагогикалық қағидаттар негізінде құрылған: мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқытушы міндеттерінің

бірлігі мен кіріктірілуі, бірізділігі, жүйелілігі, сабақтастығы.

 Бұл бағдарламаның негізгі құрайтын идеялар: балалардың мектепке психологиялық даярлығын

қалыптастыруды көздейтін бағыт. Бағдарламаның мақсатына жетуде барлық субъектілердің

ынтымақтастығы мен бірлескен шығармашылығы болып табылады.

 Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың

белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын,

құрдастарымен және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін

дамытуға ерекше мән береді.

Бағдарлама келесі білім беру салалары арқылы жүзеге асады:

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»,

«Әлеуметтік орта».  Әр білім беру

саласында сабақ түрлері ұсынылады:

«Денсаулық» білім беру саласына:

     1.Дене шынықтыру;

     2.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

«Коммуникация» білім беру саласына:

          1.Көркем әдебиет;

2.Сауат ашу негіздері;

          3.Сөйлеуді дамыту;

          4.Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда)

          5.Шет тілі (ағылшын тілі)

          6.Драма.

«Таным» білім беру саласына:

      1.Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру;

      2.Жаратылыстану;

      3.Құрастыру.

«Шығармашылық» білім беру саласына:

1.Сурет;

2.Мүсіндеу;

3.Жапсыру;

4.Музыка.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласына:

 1.Қоршаған ортамен таныстыру;

 2.Экология негіздері.  Осы сабақ түрлері  жатады.

Коммуникация бөлімі сонымен қатар тыңдалым, айтылым,

оқылым, жазылым түрлеріне бөлінген. Сөйлеуді дамытуда, көркем әдебиетте, шет

тілінде осы бөлімдердің оқылым, жазылым түрлері қолданылса, сауат ашу

негіздерінде төрт бөлімдіде қолданылып, оқу іс-әрекеті кезінде іске асырамыз.

Биылғы үлгілік бағдарламасында коммуникация білім беру саласына «Драма»,  Ағылшын тілдері   қосылды.

«Драма» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері білім, түсінік немесе дағды сияқты күтілетін нәтижелері түріндегі оқу мақсаттары кіретін бөлімшелерден тұрады.  Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға

және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Драма сабағы үш бөлімнен тұрады. Артикуляциялық дағдылар, қимыл үйлесімдігінің дағдылары, коммуникативтік-тілдік және ойын дағдылары.

1-бөлім. Артикуляциялық дағдылар

Бөлімше: 1.1Тыныс алу және артикуляция.  Одан соң оқу мақсаттары. Оқу мақсаттары

өзгертілмейді, осыған байланысты тақырып  таңдалады. 

1.1Тыныс алу және артикуляция. Әртүрлі мәтіндерді қайталау кезінде, дұрыс тыныс

алуды дамыту.  Тынысын  басқара білуге, әр түрлі жылдамдықта    нақты және дұрыс айтуға: қатты, ақырын,

сыбырлап; интонацияны қайталауға, әртүрлі эмоцияларды білдіру үшін, түрлі дауыс

күшін қолдануға үйрету.

1.2Дикция және  интонация. Сөйлеудің мәнерлілік интонациясын қалыптастыруда эмоционалдық

көңіл- күйді анықтап, содан кейін оны бере білуге үйрету.

2-бөлім. Қимыл үйлесімдігінің дағдылары

2.1 Ырғақты сезіну және қимылды үйлестіру. Қимылдарын

жақсы басқаруға, мәнерлі және ырғақты қимыл-қозғалыс дағдыларына үйрету.

3-бөлім. Коммуникативтік-тілдік және ойын дағдылары

3.1 Бірлесе әрекет ету тәсілдері. Әдеби кейіпкерлердің

нақты әрекеттеріне деген өз көзқарастырын жеткізе білуге, адамгершілік ережелер

мен түсініктер бойынша бағалауға, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлығының

жаырын себебін түсіне білуге үйрету.

Драмада әліппе-дәптерімен жұмыс істейміз. Жұмыс кезінде

балаларға арналған шартты белгілер берілген. Оқу іс-әрекеті кезінде барлық

шарттарды орындау арқылы балалардың қызығушылығымен қабілеттері арта түседі.

Сабақ соңында маскаларды белгілеу арқылы алған

әсерлерімен көңіл-күйлерін анықтауға болады.

2015-2016 жылдары қолданылған бағдарламада «Таным» білім

беру саласы қоршаған ортамен таныстыру пәні, биылғы оқу бағдарламасында «Таным»

білім беру саласы жаратылыстану пәні болып енгізілді.

Бұл пәндердің бір-бірімен айырмашылығы қоршаған ортамен

таныстыру пәнінде балалармен табиғат туралы әңгімелер айтып бақыласақ,

жаратылыстану пәнінде балалармен тәжірбиелік жұмыстар жүргізу түрлері өте

ерекше әрі қызықты болады. Сондай-ақ пәндер арасында тақырыптық байланыстар

бар.  Олар «Менің отбасым», «Көліктер», «Көкөністер мен жемістер», «Жабайы аңдар» т.б. 

Бағдарламаны салыстыра келгенде жаңартылған бағдарламаның өзіндік қиындықтары мен қатар ерекшеліктеріде бар.

 

 

 

 

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст