Биылғы оқу жылында мектеп- балабақшада педагогтарымыздың біліктілігін көтеруіне байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. Биылғы оқу жылында 1- сынып жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасағандықтан Жүгенбай К. ҚР. орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша
педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40
академиялық сағат көлемінде және Тағыбаева Т. Е. ҚР. орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат
көлемінде, Нургалиева З. Қ. орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды
бағалау жүйенсін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің курсын
және Беболатова Г. А. орыс тілі пәнін жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытуды аяқтады. Мусалимова М. А. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбында курстан
және «Арнайы МДҰ-дағы тіл кемістігі бар аутизмге шалдыққан және кохлеарлы имплантация жасалған балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында Алматы қаласында
логопедтік курстан өтті. Тәрбиешілерден жаңартылған білім беру бағдарламасы
бойынша Жахина А. А., Елеуова А. З. және Қазкенова А. Ж. біліктіліктерін
көтерді. Нургалиева И. Ж. хореографтардың облыстық шебер-сағатына қатысып
куәлікке ие болды. Ал Қазкенова Ә. Ж., Иманбай Г., Жахина А. А., Нурмағамбетова
Г. К. Қайта даярлау курсынан өтіп, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі
біліктілігіне ие болды.