«Мектепке жол»
қайырымдылық акциясы.
Макинск қаласындағы «Балдырған» мектеп -
балабақшасында, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында
өтетін Республикалық «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым - балаларға көмек
көрсету!» ұранымен басталып өткізілуде. Шараны
өткізудегі басты мақсаттардың бірі - жетім балаларға, ата - ана
қамқорынсыз қалғандар мен аз қамтылған отбасылар балаларына әлеуметтік тұрғыдан
қамқорлық көрсету болып табылады. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына
даярлықпен барады. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты. Биылғы оқу жылында да
дәстүрден ауытқымай 1 сыныпқа баратын балаларға көмек көрсету жоспарлануда. Осыған орай мектеп
әкімшілігі тарапынан 1 сыныпқа көпбалалы отбасынан келген оқушыға мектепке қажетті заттар толықтай әперілді.
«Қайырымдылық жасасаң,
қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде
шама - шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын
бергенге не жетсін!