Жаңа заман
баласын қалыптастырып, дамыту үшін,
тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр - сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен
қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы - бүгінгі қазақ
қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың
қабілетін қаншалықты ерте
ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Бейнелеу өнері бала тәрбиесіндегі алатын орнының жоғары екендігі,
эстетикалық тәрбие арқылы сұлулықты көре біліп, оны өз қолдарымен жасай білу
дағдыларын дамыту үшін, қоршаған ортаның әсем де, сұлу сәтін мәңгілікке тоқтата алатын
құдіретті күші бар, оның ішінде мүсіндеу өнерінің қыр сырын меңгеру керек. Балалар осы мүсіндеу арқылы жан - жақты
дамиды. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу
тәсілдерін қолдана отырып балалардың
саусақ моторикаларын дамытуға көп жағдай туғызады.
Мүсіндеу іс-әрекеті балалардың саусақ
моторикасының дамуына зор әсерін тигізетініне көзім жетті. Сондықтан мен өзім
жұмыс жасайтын тобымда оқу жоспарының вариативті бөліміне
Шығармашылық саласының ішінде мүсіндеуге үйретуді жөн көрдім. Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету жолдарын, әдістемесін
игеріп, меңгере бастадым. Балалар
мүсіндеу іс – әрекеті барысында, заттардың пішінін, көлемін, сезе білуге
үйренеді. Балалардың сезімдерін тексеру үшін мен оларға бір кесек қатты және
бір кесек жұмсақ сазбалшық беріп, олардың біреуінен қандай бір мүсін жасауды
ұсынамын. Сонда балалар жұмсақ балшықты алып мүсін жасайды, ал қатты бөлікті
онша қолданбайды. Яғни балалар, қатты мен жұмсақты айыра бастайды. Балаларды мүсіндеуге үйреткенде олардың
қабылдау, талдау, қорыту дағдыларын дамытуға арнайы көңіл бөлемін. Сондықтан
балаларға бір - екі әдемі мүсін жасаудың
орнына, белгілі бір жүйемен біртіндеп күрделенетін, бірнеше қарапайым мүсін
жасатамын. Бұл олардың мүсін туралы ой қорыту, мүсінді жасау жөнінде ойлану,
іскерлік дағдыларын дамытады. Осындай
әртүрлі әдіс- тәсілдер мен тәжірибелер жасай бастадым.
Нәтижесінде «Мектеп жасына дейінгі балаларды
мүсіндеуге үйрету» әдістемелік құралын
шығардым. Бұл жұмысымды Халықаралық
педагогикалық иннновациялардың ҮІ Жәрмеңкесіне ұсындым. Нәтижесінде осы жұмысым үшін Сертификат пен
Грамотаға ие болдым.
Бірақ
бұл нәтиже маған аздық етті. Бұл әдістемемді әрі қарай жалғастыруды жөн көрдім.
Бұған түрткі болған, өздеріңіз білесіздер вариативті бөлімге арналған нақты
бекітілген бағдарламалар жоқ. Сондықтан тәрбиешілерге көбіне авторлық
бағдарламалар мен басқа да бағдарламаларды қолдануға тура келеді. Ал мүсіндеуге байланысты бағдарлама
болмағандықтан, мен өз бағдарламамды жоспарлауға кірістім. Ең бірінші
балалармен күн тәртібі кезеңдерінде, Мүсіндеу сабақтарына балалардың жасына сай
икемдерін, қызығушылықтарын, дағдыларын бақылап, меңгеріп, ақырын
бағдарламамның мақсат- міндеттерін анықтай бастадым. Одан кейін әдіс-
тәсілдерді анықтадым. Кейін қолданылатын материалдар таңдалды. Балалармен
практикалық жұмыс жасай отырып, бағдарламамның кейбір кезеңдерін жұмысыма
енгізе бастадым. Осы жұмысты бастаған кезде мен ортаңғы топта қызмет еткен
болатынмын. Сөйтіп жұмысымның соңғы кезеңі авторлық бағдарламамның
перспективтік –тақырыптық жоспары құрылды.
Авторлық бағдарламаның мақсатын айта кететін болсам,
- баланың шығармашылық ойлау
мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту. Тәрбиеленушілерді
шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру,
жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек
етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері: болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу,
негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру, ермексазбен қаптау, ұн-өнімімен
әшекейлеу, заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру.
Қолданатын әдіс-тәсілдері: Алақан
арасына салып түзеу және домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру. Саз
балшықтың, қамырдың, ермексаздың, қардың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің
түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру. Сазбалшықтан пішіннің
негізгі бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның құлағы), пішіннің үстін
тегістеуге, бөліктерді біріктіруге, оларды қысу және жағуға (шыны аяқтың
тұтқасы), толық пішінді беру үшін ішіне қарай басу әдістерін қолданады.
Қолданатын материалдар: Ермексаз, тұзды қамыр, қатырма қағаз, құрғақ ұн
өнімдері, дәндер, табиғи заттар, бояулар, тактайша т.б. материалдар.
Бұл авторлық жұмысыма пікір алу мақсатында
Көкшетау қаласындағы Мусин атындағы педагогикалық колледжге бардым. Ондағы
бейнелеу өнері мен оны оқыту әдістемесі пәнінің жоғары санатты оқытушысы
Бегалин Болат Жанайдарұлы бағдарламамды толық игеріп, танысып, жоғары деңгейде бағалады. Сөйтіп жұмысыма
рецензия берді.
Келесі қадамым осы іс- тәжірибиеммен әріптестеріммен алмасу
болды. Сол себептен бұл авторлық бағдарламамды ZIAT ғылыми- әдістемелік орталығының
ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған
қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық сайысының «Үздік авторлық бағдарлама»
байқауына жібердім. Нәтижесіеде еңбегім
ақталып, жұмысым І орынға ие болды, ZIAT ғылыми- әдістемелік орталығынан І
дәрежелі Дипломға ие болдым.
Құрметті әріптестер осы бағдарламамды сіздерге
өз жұмыстарыңызда вариативтік бөлімде үйірме сабағына қолдануға ұсыныс
жасаймын.