Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте
сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестеу т.б
қабілеттері дамыған.
Балалар – бізің қуанышымыз,
үмітіміз, болашағымыз. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен
жақындатып өнерге баулитын кезең – балабақшадағы кезі. Әсіресе музыка өнерімен
шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары
балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ:
балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық
мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын
арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға
тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Дарынды
балалармен жұмыс істеудің негізгі
мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске
асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай
оқытудың жаңа технологияларын білуі керек. Балабақшадағы
балалар көбінесе ойнақы әндерді және марш екпінді музыканы ұнатады. Сол
әуендерге қимыл жасауды ұнатады. Әрине, адам туа оқып болмайтын сияқты барлық балалардың
музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін
жұмыстардың нәтижесінде, біртіндеп қалыптасатын процесс. Әлі мектеп партасына
отыруға қалыптаспаған, сөздік қоры аз балаларға бірден ән үйрету қиын тиеді.
Олар сөзін білмеген әнге қызықпайды. Алдымен балаларды қадағалай отырып әнге және оның ырғағына
қызықтыруға тырысу керек. Сол әннің мазмұнын ашатындай көрнекіліктер мен
дидактикалық материалдар қолданған жөн. Осыдан кейін балалардың қызығушылығы
артқанда сөзін жаттатқан дұрыс. Оларға үй тапсырмасы берілмейді, жаттау сабақ
барысында жүргізіледі. Өз тәжірибемде өлеңнің әр жолын жеке-жеке тақпақтап,
оқушыларға хормен қайталатамын. Осы кезде қол шапалақтатып отырған дұрыс. Қол
шапалақтау кезінде әннің ырғағы анықталып, әуеніне қосылып айтуда қиындық
туғызбайды. Мәтінмен жұмыс кезеңінде балалардың музыкалық ырғақты сезіну
қабілеті де анықтала бастайды. Бірі орынсыз қол шапалақтаса, енді бірі ырғаққа
ілесе алмай жатады. Мұның бәрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде бірте-бірте
жаттығады. Жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және
эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Балаларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені
халықтың ұлттық мәдени мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсартуы. Оқу
іс – әрекеттен тыс музыкалық тәрбиені беру арқылы әсемдік сезімін дамыту,
көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп туған табиғатын, оның
байлығын қастерлеп, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру. Осы қағидаттарды
алға ала отырып балабақшада «Әуен тербетеді» .үйіресі жұмыс жасайды. Үйірмеде 60
баладан құралған хор, «Таңқурай» вокалдық
тобы, тәрбиешілерден құралған «Гауһартас»
вокалдық ансамбілі, балалардан
құралған «Еркемай» вокалдық ұлттық
аспаптар ансамбілі және жекелеген дарынды балалар бар. Дарынды балалармен үнемі бірлесе жұмыс жасап , баланы шығармашылық ізденіске жетелеймін. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің
нәтижелі болуына және оны талдап, анализ жасауына ықпал жасаймын. Соның нәтижесінде балалар Аудан, Облыс, Респубикалық байқаулардан жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы: “Таңқурай” триосы Республикалық Балалар ән байқауы III Орын. 2016 жыл. Бақытбек Дінасыл , Серғазы Маржан “Жұлдыз
достарын шақырады” Республикалық
Балалар ән байқауы II Орын. 2016 жыл. Мухамеджанова Ғазиза “Жұлдыз
достарын шақырады” Республикалық Балалар
ән байқауы I Орын. 2016 жыл. “Астана жұлдызы” Республикалық балалар ән
байқауы II Орын. 2017 жыл. Сонымен балабақшада жүргізілетін жұмыстың мәні
аса зор дей келе болашақ жас ұрпақ үшін қажеттілігін мойындай отырып оқу
жоспарларын енгізіп, нағыз қазақтың ұлы, дарынды, білімді, перзенттерін дайындауға
тиіспіз деп ой түйіндеймін.