Білім беру
саласы : Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: Менің отбасым
Апта тақырыбы: Алтын күз
Тақырыбы: «Алтын күз»
Түрі: Дәстүрлі емес оқу іс– әрекеті
Мақсаты:
Білімдік міндеттері: «Алтын күз» ән, әуен ырғағы туралы түсінік беру. Әнді машықына келтіре
дыбыстарды анық, дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеттері: Музыкалық
шығарманың мазмұнын түсініп, ажыратып, тани білуге талпындыру. Музыка тыңдау,
талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға қызғушылығы мен
ынтасын ояту.
Тәрбиелеушілік міндеттері: Балалардың музыкаға деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылқтарын
ояту . Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Жұмыс мазмұны: «Алтын күз» ән сөзі, жұмбақтар, нақыл сөздер
Сабақ әдіс тәсілі: көрсету, әңгімелеу, айтып түсіндіру
Құрал – жабдықтар, көрнекі материал: Слайд, бейне экран, үнтаспа, пианино.
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
«Марш» әуенімен балаларды қарсы алып, ырғаққа ілесе, жеңіл марш екпінмен орындарына келеді.
Сәлеметсіздерме балалар? Балалар мына бейнематериалға қараңдар
Балалар бейнематериалдағы бейнелер қай мезгілге арналған екен?
Күз айларын атаңдар? Күзде ауа рай қандай болады? Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? |
Әнді тыңдай жүріп, ырғақты сезіне шеңбер бойымен жүреді.
Сәлеметсізбе?
Бейнематериалға қарайды.
Күз мезгілі екенін балалар тауып айтады
Сұрақтарға жауап береді |
Ұйымдастыру – Іздестіру
|
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін музыкалық сағатпен бастасақ қалай қарайсыңдар
Олай болса бұрышта тұрған қол сағатты аламыз да сағатымыз нешені көрсетіп тұр дәл сол сағаттың (санның) тұсына тұра қаламыз.
Балалар алдарыңда тұрған музыкалық аспаптарды қолдарыңа алыңдар.
Балаларды музыкалық аспаптармен қысқаша таныстырып өту.
Балалар ән айтпас бұрын біз дауыс жаттығуын жасаймыз. Дауыс жаттығуы біздің даусымыз анық шығуға, ноталарды таза ұсауға, екпінге ілесіп ән айтуға көмектеседі. Бәріміз біркелкі музыкамен даусымызды жаттықтырамыз!
«Күз тамаша» әні балалармен бірге орындау. аспаптарды пайдалана отырып өткен әнді қайталау
Балалар біз 12 сағатты он екі ай деп ойлайық, ал 12 айда төрт мезгіл бар солайма балалар? Олай болса бізге күз қаншайымы бейнематериал жіберіпті, бейнематериалда күз қаншайымы жұмбақ жасырған екен кәне, бәріміз экранға қарап, мұқият тыңдап осы жұмбақтың жауабын бірге табайық.
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? «Күз» Орысша: «Осень» Ағылшынша: «Autumn» (оутем)
Жетті желмен алтын күз, Жеміс жинау – салтымыз. Толтырады астық қанбасын, Той – думанды халқымыз.
Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? «Қыс» Орысша: «Зима» Ағылшынша: «Winter» (уинтер)
Аппақ қарлы қыс келді, Аязымен қысты енді. Шынықсын деп денеміз, Конки, шаңғы тебеміз
Қар мұз еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? «Көктем» Орысша: «Весна» Ағылшынша: «Spring» (спринг)
Көктем Гүл жайнатып. Көк пен жерді, Құс сайратып, Көктем келді.
Өрік алма, Жидек жүзім піседі. Қауын қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? «Жаз» Орысша: «Лето» Ағылшынша:«Summer» (саммэ)
Жаз Алаулаған жаз келді, Аққу, үйрек, қаз келді. Жайнап егін, төл өсіп, Жан – жануар мәз енді.
Балалар орынымызға барып отырайық.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік»
Жаңа ән жаттау:
«Күз» әні
Жерде жаңбыр жалтырайды, Жапырақтар қалтырайды. Көкте ай күн балқымайды, Көлде аққу қалқымайды.
Жел тұруды жалықпайды, Күн жылытып жарытпайды. Жапырақтар жерге қарай, Қалықтайды, қалықтайды.
|
Балалардың жауаптары.
Балалар сағатты алып қолдарына тағады да шеңбермен сандардың түсына түрады.
Музыкалық аспаптардың атын жаттайды
Дауыс жаттығуын бір келкі дауыстап айтып жаттығады
Әнді орындау кезінде музыка ырғағына сәйкес аспаптарды соғып (ұрып) ойну
Балалар жұмбақтың жауабын табады.
Балалар жауабы: Күз
Інжу тақпақ
Балалар жауабы: Қыс
Рамазан тақпақ
Балалар жауабы: Көктем
Нұрдәулет тақпақ
Балалар жауабы: Жаз
Медина тақпақ
Бейне экранға қарап қайталайды
Балалар әннің сөзін жаттайды. Музыкамен айтады. |
Рефлексивті- түзетушілік
|
Күз айы нешеу? Күз қандай? Есте сақта! Күз тек суық, ызғарлы желімен, жаңбырымен ғана танымал емес. Жомарт күзбенде танымалы. |
Қорытынды. Білімдерін бекіту
Балалардың жауаптары. |
Күтілетін
нәтижелер:
Білуі керек: Күз айларының
аттарын. Күз мезгілінің ерекшелігін.
Болуы керек: Музыкалық есту
қабілеттері.
Істей білуі керек: Музыкалық
аспаптарда сүйемелдеумен ойнай алады.