Ашық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған орта. Сурет.
Тақырыбы: «Өмір қауіпсіздігі», «Жалын».
Мақсаты: 1.Балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір, өткір заттардан, электр
приборларынан, тұрмыстық- химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары
арқылы мағлұмат беру, жолда жүру ережесі туралы айтып, түсіндіру.
2.Қиялын, есте сақтау қабілеттерін, тілдік қорын дамыту.
3. Үлкен адамдардың ескерткендерін әрдайым есте сақтап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, суреттер, бояулар,мақал-мәтелдер,мультфильм,жұмбақтар,ноутбук,теледидар
Билингвальды компонент: Өмір – жизнь,қауіпсіздік-безопасность,жалын-пламя
Түрі: Кіріктірілген сабақ Технологиясы: Тәй-тәй
Сөздік жұмыс: Сақтанамыз,тыңдаймыз,ойнамаймыз
Әдіс-тәсіл:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Қызметтің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мақсатты-түрткі болғыш |
Шаттық шеңбері: Тілін алып кішінің де, кәрінің, Көңілінен шығып жүрмін бәрінің. Ата – ананың айтқан сөзін тыңдауды, Әдептілік белгісі деп таныдым. |
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Іздестіру-ұйымдастыру |
Ойын: «Бағдаршам» Шарты: Балалалрдың біреуі бағдаршамды қадағалайды, жүргізушілер және жолаушылар жол ережесін сақтап жүреді. - Адам үшін ең қымбаты-өмір.Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық.Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты.Ол үшін сақтана білу керек.Бүкіл әлемдегі жолдарда қала көшелерінде, жүйткіген машиналар жол апатына ұшырамау үшін, жол ережелерін бұзбайды. Жол қозғалысын көшеде реттейтін, сенің көшеден өтуіңе көмектесетін сиқырлы үш көзді бағдаршам. Ол машиналарға қызыл көзімен қараса: «Түр! Жүруге рүқсат жоқ!» - дегені. Саған жасыл көзімен қараса: «Жүруге рұқсат, жол ашық!» - дегені. Сары көзімен қараса: «Абайла, дайындал!» - дегені. Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті. Сондықтан да балаға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.Олай болса өмір қауіпсіздігі –өз өмірін өзі сақтап қалу емес, көрші - көлем, дос-жарандарының өмірінің қауіпсіздігіне көмектесу. Мақал – мәтел: «Сақ жүрсен – сау жүрерсің!» -Әр адам өз отбасын түрлі қауіп – қатерден сақтауға тиіс. Сондықтан қазір біз сақ болып жүру үшін не істеу керектігімізбен танысып өтейік. -Балаларды екі орталыққа бөлу: 1. Ғылым орталығы. Қоршаған орта. «Өмір қауіпсіздігі» 2. Өнер орталығы. Сурет. «Жалын»
Қоршаған орта. «Өмір қауіпсіздігі» Балаларға слайд арқылы өмірге қауіп төндіретін заттармен таныстырып, олардан қалай сақ болу керектігі жайлы мағлұмат беру. Үлкендердің рұқсатысыз химялық заттарды, өткір заттарды қолдануға болмайды. Үлкендерсіз дәріні ішуге болмайды, ішкен жағдайда біздің денсаулығымыз зардап шегуі мүмкін. Егер де, өзіңнен кіші немесе басқа балалардың өмірге қауіпті заттармен ойнап жатқанын көрсең, міндетті түрде үйдегі үлкен адамдарға айту керек. Шырпымен ойнауға болмайды, шырпыны баланың қолы жетпейтін жерге қою керек, егер осы айтылған ережелердің барлығын қатаң түрде сақтамасаң, тіпті өрт шығу қауіпі орын алады. Өрттін шығу себептері: - шырпымен ойнаса; - үтікті қосып кетіп қалса; - газды ашып қалдырып кетсе. - Балалар өмір қауіпсіздігі жайлы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер. Жұмбақ жасыру: «Оңға да бұрады, солға да бұрады, жол тәртібін реттеп тұрады. Ол не? » (Бағдаршам) «Үйде тұр бұл жұлдыз, ол барда түн – күндіз» (Электр лампасы).
«Тәбетін ашсаң, тамағы лас, шаң» (Шаңсорғыш)
«Көкшіл айна үйдегі, көрсетеді киноны» (Теледидар).
«Қызып кетсе табаны, бар жалғыз шатағы, іздей бастайды матаны» (Үтік)
Мақал – мәтелдер: «Отпен ойнама – күйерсің»
«Сақ жүрсе – сау жүрерсің»
«Сумен ойнама – батарсың»
2.Өнер орталығы: Сурет. «Жалын» Сурет бойынша әңгімелеу Үлгіні көрсету.Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде дәстүрден тыс тәсілді қолданып сурет саламыз, алақанмен жалыннын суретін саламыз.Қалай ойлайсыңдар,жалын қай түсті болу мүмкін? Ендеше жұмысқа кірісейік,гигиеналық,қауіпсіздік шараларды сақтау туралы еске түсіру.
Белгі берілген кезде балаларды бірге жинау.
Сергіту сәті: Музыкалық үзіліс. Билингвальды компонент: Өмір-жизнь,қауіпсіздік-безопасность,жалын-пламя |
Мұқият тыңдайды
Шартын бұзбай ойнайды
Балалар мұқият отырып тыңдайды және ойларымен бөліседі.
Мақал – мәтелді қайталайды
Орталыққа бөлінеді.
Слайд арқылы әңгімелейді
Тұрмыстық – химиялық заттарды атайды, өткір заттарды атайды.
Жұмбақтардың шешімін айтады.
Мақал-мәтелдерді қайталайды
Әңгімелейді
Қызыл түсті Жұмысқа кіріседі
Сергіп қалады Қайталайды |
Қорытынды |
Мультфильм: «Қауіпсіздік әліппесі»
Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады
Жұмыстарын аяқтату,мадақтау. Балаларға өмір қауіпсіздігі туралы жадынама таратылады |
Мультфильмді қарайды,сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды,қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар туралы
Игереді: Отпен ойнамау,электр құралдарынан алыс жүруді,жолда жүру ережелерін игерді
Меңгереді: Үйде,балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауды,үлкендерді көмекке шақырады