Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Шығармашылық.
Бөлімі: Экология. Сурет.
Тақырыбы: «Күзгі еңбек», «Жапырақ».
Мақсаты: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.
2.Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы
тапсырмаларды орындату арқылы ойларын және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Күз, көкөніс, бағбан, жапырақ, бүршік.
Түрі: Кіріктірілген сабақ
Технология: «Тәй – тәй» технологиясы.
Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс,көрнекілік, ойын.
Көрнекіліктері: Күзгі бақ, ағаштар, көкөністер, адамдардың күзгі еңбегі(видео)
Билингвальды компонент: күз-осень,
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. |
Балалар ортаға шығып қимыл іс- әрекетпен орындайды. |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
-Балалар қарандаршы, ана жақта бір адам көрінеді. Барып көрсек қайтеді? -Балалар бұл бағбаншы екен. -Бағбаншы дегеніміз өсімдіктерді баптап, күтетің адамды айтады.(Балалар бағбаншымен Амандасады). -Балалар мен қысқа дайындалып жатырмын. Мына көкөністерді жинап алып өзімнің жертөлеме сақтап қоямын. Сендер маған көмектесесіндер ме?
-Балалар мына жерде жапырақтар, бүршіктер де бар екен. Оларды да теріп алып , топқа апарып табиғи материал ретінде қолданамыз. Бағбаншы: -Өте жақсы балалар сендер бүгін көп еңбек жасадындар мен сендерге сый ретінде себет толы сәбіз беремін. Дәрумендер жайлы мағлұмат береді. -Ал енді балалар орындарына отырындар.Бүгін біз сендермен сәбіз, қызылша, шалқан жинадық. Ал мына себеттегі сәбізді азпазшы апайға береміз . Ол бізге сәбізден салат жасап береді. Балалар күзгі еңбек деген осындай болады. Адамдар жеміс- жидектер, көкөністерді жинап қысқа дайындық жасайды екен. -Шаршадындар ма? -Онда балалар қазір біз орталықтарға бөлініп, жұмысымызды жалғастырамыз. -Алмұрт алған балалар өнер орталығына , алма алған балалар ғылым орталығына бөлініндер. -Ғылым орталығында балалармен «Күзгі еңбек» жайлы әңгімемізді жалғастырамыз. -Адамдар күзде сарғайып түскен жапырақтарды жинайды. Қоқыстарды тазалайды. Ағаштын түбін топырақпен жабады. Қыс мезгіліне дайындық жасайды. -Балалар бүгін біз сендермен көп пайдалы жұмыстарды жасадық.Шаршаған боларсындар! Ендеше барлығымыз ортаға шығып сергіту сәтін жасаймыз. Сергіту сәті: Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып- ұшып алайық Орнымызға қонайық.
-Қане балалар, орнымызға жайғасып отырып, мына видеоны тамашалайық. |
Ия, барып көрейік.
Сәлеметсіз бе?
Әрине көмектесеміз.
Балалар көкөністерді, жапырақ, бүршіктерді себетке жинай бастайды.
Жоқ шаршаған жоқпыз. Балалар белсенділік орталығына барып, алмұрт және алма алады. Өнер орталығындағы балалар жапырақтын суретің салып, бояуға кіріседі. Балалар адамдардың күзгі еңбегін іс жүзінде жасап көрсетеді. Ағаш түбіндегі қоқыстарды, жапырақтарды тазалайды.Ағаштын сынған бұтағын жіппен байлайды. Балалар сергіту сәтін қимыл іс- әрекетпен орындайды. Күзгі еңбек жайлы видео тамашалайды. |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Оқу іс- әрекетімізді « Өз үйіңді тап» ойынымен қорытындылаймыз. |
Балалар көкөністерді өз үйлеріне орналасырады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күз мезгілінің ерекшелігін білуге тиіс.
Игереді: Күзгі адамдардың еңбегін игерту.
Меңгереді: Жапырақтарды бояп, қағаз бетіне түсіруді.