«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар

10.11.2017

  2017-2018 оқу жылында  «Балдырған»

мектеп-балабақшасында 11 педагог өз біліктілік санаттарын көтеруге өтініш

берген болатын. Оның 7-уі бірінші және жоғары санатқа өту және растауға өтініш

берген болатын. Осы педагогтардың жұмыстарының нәтижесін көрсету, іс- тәжірибемен алмасу, қорытындылау

мақсатында    мектеп- балабақшада «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны, үлгілік оқу бағдарламасының өтпелі тақырыптар арқылы игерілуі» тақырыбында аудандық мектепке дейінгі педагогтардың семинары  өткізілді.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

бағдарламасының мазмұнын өтпелі тақырыптар негізінде білім беру салаларын

кіріктіру арқылы тиімді іске асыру жолдарын көрсету. Кіріктірудің бір формасы

бірлескен мерекелер арқылы тәрбие мен оқыту әрекетін жоспарлы және

бірізділікпен жүйелі түрде ұйымдастыру мүмкіндігін ашу.

   Бұл  тақырыпты алған себебіміз, білім саласында жүріп жатқан жаңартылған білім беру мазмұны мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруға арналған өтпелі

тақырыптарға байланысты.  Осы  айдың өтпелі тақырыбы «Менің отбасым»,  аптаның өтпелі  тақырыбы «Алтын күз». 

   Семинар жұмысы «Қазақстаным-байлығым» тақырыбында  еліміздің берекелі де,  бай елдеріне саяхатқа шығудан басталды. Педагогтар еліміздің астықты, жеміс- жидекті, көкөністі өңірлерімен (Алматы,

Көкшетау, Қызылорда, Шымкент)  келген қонақтарды таныстырып өтті.  Саяхат «Күз

байлығым» тақырыбында  елімізде өсіп-өнетін  өнімдерден  отбасымен   дайындалған  жұмыстар көрмесімен жалғасты. Келесі көрме- педагогтардың шығармашылық жұмыстарын, еңбектерінің жемісін, нәтижесін

көрсеткен «Оқу- тәрбие жетістіктері» тақырыбындағы әдістемелік

көрме болды. Семинардың келесі кезеңі педагогтардың ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерін көрсетумен

жалғасты. «Қазақстаным-байлығым» тақырыбында еліміздің берекелі де  бай

елдеріне саяхатқа  барамыз.Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінен кейін музыка залында семинарға қатысушылар «Берекелі  алтын күз» тақырыбында тәрбиелік іс- шараны тамашалады. Тәрбиелік іс- шара аяқталған соң «Менің шығармашылық жұмысым » тақырыбында біліктіліктерін көтеруге өтініш берген педагогтар өздерінің

есептерін беріп, әдістемелік бағыттағы жүргізілген жұмыстарымен, нәтижелерімен бөлісті. Соңында қорытынды шығарылып, ұсыныс қабылданды. Семинар соңында  қатысушылар

рефлексия жасап, өз ойларымен бөлісті, ұсыныс, тілектерін білдірді.

  Осындай ауқымды, мазмұнды түрде өткен іс- шараға келген әріптестеріміз  біздің мектеп- балабақшамыздың педагогтарының іс- тәжірибесімен танысып, біраз мағлұмат алып, өздерінің жұмыстарына қажетті

әдіс- тәсілдерді меңгеріп, жақсы әсер алды деп ойлаймыз.

 

 

 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст