1-сыныпта күз мезгіліне байланысты « Күз мереке, күз береке» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатындағы басты мақсатым, оқушыларға күз мезгілі туралы өз ойларын айтқызу арқылы
қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, қорғауға, көркейтуге тәрбиелеу. Төрт мезгілдің бір –бірінен
ерекшеліктерін ажырата білу. Тәрбие сағатын оқушылар күзге байланысты өлең
шумақтарымен және ән айтып бастады. Оқушылар 3 топқа бөлініп шарттарды орындау
арқылы бір-бірімен жарысып белсене араласты. Топтардажарыстың мынадай шарттары
бойынша жұмыс жүргізілді.
1. Өз топтарын таныстырады.
2. «Күз келбеті» сурет салу (үй тапсырмасы)
3. «Ұшқыр ой» жұмбақ шешу
4. Күзгі тағам (үй тапсырмасы)
5. «Кім жылдам?» ойыны
6. Оның аты не?
Топтардың шарттар бойынша жүргізілген жұмыстарына әділ қазылар бағалап, орындар берді .
Алтын астық тобы 1-орын, Алтын дән тобы 2-орын, Алтын жапырақ тобы 3-орын иеленді. Ата-аналары өз балаларының белсене араласып қатысқанына қуаныштарын білдірді.