«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.11.2017

 

Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас

ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге

асатындығы белгілі. Сол себептен де бүлдіршіндердің бойына қазақи құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тəрбиелеу - алда тұрған басты

міндеттердің бірі.

Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді

түрде жүзеге асырылуы тиіс. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі

болып табылады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ

мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда

мектепке дейінгі мекемелердің рөлі аса маңызды болып табылады. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін жүзеге

асыратын жастар болғандықтан оларды сәби кезінен бастап ең алдымен білімді,

ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра

білетін, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу

біздің міндетіміз. Адамгершілік тұрғыдағы құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай

тұлғаны қалыптастыру оның сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Халықта «Ағаш

түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып

өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына

жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық яғни адамгершілік сынды

қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді

сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен балабақша зор рөл

атқарады.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының түп қазығы ұлттық

педагогика. Ал ұлттық педагогика – бұл патриоттық тәрбие. 2010 жылы «Балапан»

бағдарламасы бойынша ашылған «Балдырған» мектеп –балабақшасы жұмысының  басым  бөлігі

 осы  ұлттық  тәрбиеге  негізделген.Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін жеткіншектеріміз

халқымыздың аңсап жеткен тәуелсіздік туын жықпай, желбірете білуі тиіс.

Өйткені, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арманын, осынау

ұлан байтақ жерін қорғап, осы уақытқа жеткізгені баршамызға аян. «Мәңгілік Ел»

ұрпақтары сондай текті бабаларымыздың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «Тәуелсіздік»,

«Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеп өсуге міндетті. Сондықтан жас ұрпақ

болашағының ірге тасының берік  қалануы үшін, балабақшада  берілетін

білім  мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру  қажет. Осындай мақсатпен

мектеп-балабақшада атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Болашақта тәрбиеленушілеріміз отанын сүйген нағыз

патриот болатын, ата-бабасы жүріп өткен тарихи жолдың жеңістерін ұрпақтан-ұрпаққа, жеткізетін азамат ретінде қалыптасуға тәрбиелеу үшін әртүрлі

патриоттық тақырыптарда тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктер ұйымдастырамыз. Мектеп-балабақшада  тәрбиелік-іс шаралар легі 1-қыркүйек Білім

күніне орай мерекелік жиын өткізумен басталады. Жаһандану заманына сай жан-жақты дамыған білімді тұлға болып қалыптасудың негізгі шарттарының бірі – қазақ,

орыс, ағылшын тілдерін жетік білу. Осыған орай, елімізде үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда.

Бүгінгі күннің талабына сай үш тілді білім беру жүйесінің негізін қалау  мақсатында  мектеп балабақша  тәрбиеленушілері үш тілді үйренуде. Өзге ұлт

өкілдері балалары мемлекеттік тілде таза сөйлеп үйренуде.  Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби

көңілдеріне сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлеміз. Қыркүйек айының орта

кезінде тілдер онкүндігі арнайы құрылып,бекітілген  жоспар бойынша өткізіледі.

 Онкүн ішінде тілге байланысты әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Соның ішінде 2016-2017 оқу жылының басында  ұйымдастырылған «Бала тілі-бал» мәнерлеп

оқу, және «Достық әні»  халық әндер сайысына өзге ұлт өкілдерінің балалары  Османова Карина, Сухетская  Дарья,  Егоян Майс, Филипова Виталина  сынды балалар қатысып, жүлделі  орындарды  иеленген.  Аудан  бойынша  ұйымдастырылған «Үздік тәрбиеленуші -2017 байқауында біздің тәрбиеленушіміз Сухетская Дарья 1-орынды иеленіп, «Үздік тәрбиеленуші-2017» атанды. Онымен тоқталмай Дарья қызымыз өзге ұлт өкілдері балаларының арасында

өткізілген аудандық шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленіп, 30

мың тенге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал Османова Карина қызымыз аудан

бойынша мәнерлеп оқу байқауына қатысып жүлделі 1-орынды иеленді. Баланы ұлттық

мәдениет пен дәстүрге жақын таныстыру барысында мерекелерді атап өту үлкен рөл

атқарады. Осы мақсатпен мектеп-балабақшада  «Жаңа жыл», «Аналар мерекесі», «Наурыз мейрамы»

«Жеңіс күні», «Тәуелсіздік күні», «Конститутция күні», «Елбасы күні» және т.б.

мерекелер арнайы құрылып бекітілген жоспар бойынша өткізіліп отырады.. Мерекені

ұйымдастыру барысында олардың ерекшеліктерімен, маңыздылығымен, қоғам

өміріндегі айтулы даталармен, ата-бабалар мен қазіргі батырлардың ерлік

істерімен танысады. Балалар ұрпақтан-ұрпаққа жеткен материалдық құндылықтарға

ұқыпты қарауға, ертегі, аңыздар және ұлттық өнермен танысып, ұлттық әндерді айтуға үйренеді.

Нәтижесінде балалар өз отбасын, достарын, көршілерін құрметтеуге, туған өлкесін сүюге үйренеді. Ата-аналармен жұмыс және

спорттық іс шаралар барысында  түрлі әңгімелер, кеңестер, көрнекі безендірілген әр түрлі тақырыптағы сайыстар

өткізіледі. Атап айтсақ  «Әкем,шешем және мен», «Добым, добым, домала», «Дені саудың – жаны сау.»  16.09.2016 күні «Отбасы – аялы  алақан  мекені»

 атты  ата-аналармен  конференция өткізілді.  «Отбасы  өмір өзегі»,  «Баланың  құқығы» деген тақырыппен ата-аналар

жиналыстары өткізіліп отырады.  Күні кеше ғана қыркүйек айының сегізі күні балабақша қызметкерлері және тәрбиеленушілері

«Денсаулық күнін» атап өтті.  Еліміздің әр кішкентай бүлдіршіні Астана қаласын біледі. Олар  Бәйтеректі, Хан

шатырды, Бейбітшілік және Келісім сарайын тағы да басқа  көрікті  жерді мақтаныш сезіммен суретке салып, әнге

қосып жырлайды. Ересек топтар  тәрбиеленушілері Отанына, кең байтақ еліне,

туған жерінің көркем табиғатына, күннен күнге өркендеп дамып келе жатқан

Астанаға деген махабаттарын ән- жыр, өлең, бимен жеткізеді. Астана – әлем

деңгейінде айтулы шаралар өтетін жетістігі мол, өркениетті қалаға айналды. Сол

шаралардың ең тарихи маңыздысы, мәртебемізді асқақтатқан ЭКСПО-2017 көрмесі.

Көрмені зор қуанышпен көріп келген мектеп-балабақша қызметкерлері 24.08.2017 күні  «Экспо-2017 жарқын болашақ

бастауы»  атты балабақшаішілік көрме ұйымдастырды. Көрмеге Астана қаласындағы 

ең әдемі ғимараттардың макеті және «Экспо-2017  көрменің макеттары қойылды. Көрмені

тамашалаған ата-аналар мен балалар таңқалғандарын жасырмады. Күздің келуімен

қатар ұйымдастырылатын үлкен  мереке «Қош келдің алтын күз».   Жыл сайын қазан

айында алтын күзге арнайы жоспар бойынша барлық топтарда ертеңгіліктер өткізіледі.

Ата-аналармен бірлесе отырып үлкен көрме ұйымдастырылады. Бұл мерекеден балалар

берекелі күз айының тамашалығын сезінсе,нанның дастарханға үлкен еңбекпен

келетінін түсінеді. Күздің байлықтарын көрме арқылы көреді.

 Адамзат тарихындағы ең асыл құндылықтар – бейбітшілік пен келісім, жалпыұлттық бірлік. Келісім, бірлік, қоғамдағы тұрақтылық қалыптасқан ел ғана

бәсекеге қабілетті дамыған ел бола алады.

Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130-дан астам ұлыстың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті

өмір сүріп, ортақ үйіміздің болашағын құруда. Балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндер бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ұлтына, тіліне қарап

бөлінбей-ақ достық қарым-қытынаста тәрбиеленуде. Қазақстан халқы бірлігін нығайту мақсатында

бүлдіршіндерді бірлікке тәрбиелеп, өзге ұлт өкілдерінің тілін, дінін құрметтеуге үйретіп, оларды бір-бірімен достық қарым-қатынаста жұмыс істетуге,

берекелі орта қалыптастыруға бағыттап отырған жөн.  Осы мақсатпен балабақшада  28.04.2017 күні «Татулық-ел бірлігі» атты  фестивалі өткізілді. Фестивальда әр топ елімізде

мекен етіп, отырған өзге ұлт өкілдерін таныстырады. Олардың салт дәстүрін, өнерін көрсетіп,ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырады.

 Салт-дәстүрімізді қастерлеп, бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі насихаттау, тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай айтқандай «болмаса да ұқсап

бағуға» бағыттау, электронды құралдар арқылы көрсету, тарихи оқиғаға байланысты ойларын айтқызу, қиялын шарықтату барысында отаншылдыққа баулу мектеп жасына

дейінгі тәрбиеде өзі нәтижесін берері хақ. Сондай-ақ ұлттық ойындардың да тәрбиелік мәні зор. Бала ойнау арқылы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің

үлгісін саналы түрде орындайды. Денешынықтыру нұсқаушыларының ұйымдастыруымен мектеп-балабақша

тәрбиеленушілері әрдайым ұлттық ойындарды ойнап отырады. Жемісі де жоқ емес. «Құлагер» мектепалды даярлық топ балалары облыс көлемінде ұйымдастырылған

«Ханталапай» интелектуалды сайысқа  қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Ұлттық идеяны жүзеге асыруда педагог маңызды рөл

атқарады. Педагогтардың кәсіби шеберліктерін және біліктіліктерін арттыру мақсатында әрдайым балабақша педагогтары курстардан өтіп отырады. Педагогикалық күш-жігер Отанын, халқын, туған-туыстарын құрметтейтін шығармашыл және талантты адамды тәрбиелеп, өсіруге бағытталуы тиіс.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден аңсап жеткен арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының жемісі.

Бүгінгі күні халқымыз өткеннен тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай ұрпақ санасына патриоттық сезімді енгізуге

ерекше көңіл бөлініп отыр. Келешек ұрпақ тәуелсіздікпен қатар «Қазақстан», елтаңба, ту, әнұран сөздерін ұғынып, жүрек тұстарына қолдарын қойып, мақтаныш

сезіммен әнұранды жатқа айтады.  Мемлекеттік Рәміздерімізді құрметтеу, дәріптеу мақсатында тәрбие,сынып сағаттарын өткізіледі. Биыл еліміздің мәртебесі,

мақтанышы Рәміздеріміздің 25 жылдық мерейтойына орай  02.06.2017 күні балабақшада мерекелік шеру ұйымдастырылды. Шеруге түгел тәрбиеленушілермен тәрбиешілер түгел қатысты. Патриоттық сезімді оятқан шеру қысқаша концертпен жалғасып, бірнеше балалар рәміздерге байланысты тақпақтарын мәнерлеп оқыды.

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің басты құндылықтарын бала бойына тиімді сіңіру үшін біліммен өз мұраттарына қол жеткізу жолдарын қалыптастыру жеткіліксіз, сол себептен алдымызда оларды нағыз елінің жанашыр патриоты, рухани әлемі бай, өз құқығын білетін, елінің лайықты азаматы болып өсетін жеке тұлға ретінде дамыту міндеті тұр.  Осы мақсатпен мектеп балабақшада мамыр айында «Отан қорғаушылар» күні қарсаңында ұйымдастырылатын  «Ал,кәнекей,жігіттер», «Балдырған сұлтаны»

атты сайыстар балаларды нағыз азамат болуға тәрбиелейді. Әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды

қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да бағалайтын, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды

ардақ тұтатын қоғам құруға тиіспіз. Жыл сайын қарттарды қорғау айлығы кезінде мектеп-балабақшадан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерімізді және

тәрбиеленушілеріміздің ата-әжелерін шақырып, концерттік бағдарлама көрсетіп.балалар өздері жасаған сыйлықтарын ұсынады.  2016-2017 оқу жылы

басталысымен қазан айында  «Қарттарын құрметтеген ел ардақты» атты іс-шара ұйымдастырдық. Іс-шараға қаламыздағы

қарттар үйінен үлкендерді арнайы абтобуспен әкелдік. Қонақтар  балалардың орындауындағы әндерді  тыңдап,билерін  тамашалап аса риза  болып алғыстарын білдірді.

Жоспар бойынша  жыл сайын елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына арналған жолдауын талдап,талқылап отырамыз. Биыл да мектеп –балабақша кітапханашысы Ахметжанова Қиззат Қабжанқызының ұйымдастыруымен бірнеше педагогтарымыз баяндама дайындап,оқып жолдауды талқыладық. 

Мектеп-балабақша тәрбиеленушілері  балабақшаішілік іс- шаралардан бөлек, республика, облыс, аудан көлемінде

ұйымдастырылған  іс-шараларға да белсене араласады. Аудандық мәдениет үйінің сахнасында би билеп, ән салады. Байқауларға

қатысады. «Қарлығаш» би тобы жетекшісі Нургалиева Ильмира Жұмабайқызы және «Таңқурай» дуеті жетекшісі Жүгенбай Кенжебек биік белестерді бағындырып,

байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтсақ Көкшетау қаласында өткен республикалық байқауда дует 2 дәрежелі дипломға ие болса, жеке дауыста

Мұхамеджанова Ғазиза 1-дәрежелі дипломды иеленді. Қарлығаш би тобы да биылғы жылы 3-ші «Жас өнер» республикалық фестивальға қатысып, топтық бимен 1-ші

дәрежелі диплом және медальмен марапатталса, жеке өзбек биін билеп Уранбай Ұлболсын 2-дәрежелі дипломға ие болды. Биылғы жазда Астана қаласында өткен

«Астана жұлдыздары» атты республикалық  байқауға Мұхамеджанова  Ғазиза қызымыз қатысып, елге танымал Майра Ильясова және Қапаш Құлышева апаларының

батасын алып, 2-жүлделі орынды иеленіп келді. «Өнерлі бала елдің көркі,үкілі қамыс көлдің көркі» -десек біздің Ғазиза қызымыз өзінің өнерімен егеменді

еліміздің көркі болатыны сөзсіз.

  Мектеп-балабақшаның қысқы бағында, топ бөлмелеріне, дәліздерге әртүрлі мүсіндер қойылып,  бөлме гүлдері өсірілген. Балабақша ауласына

егілген гүлдер де көздің жауын алады.  Бұл әрине тәрбиеленушілерімізді әсемдікті, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында жасалып отырған еңбек.

Мәңгілік ел  қазақ елі әкем менің, анам да,

Мәңгілік ел қазақ елі өсіп келем панаңда,

қалаңда,далаңда ,

Елдігіміз аманат мағанда,саған да. Бүгінгі күні педагог мамандар мен барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет - ұлттық идеяны қоғам өміріне енгізу болып табылады. Атқарылған істер аз емес,бірақ алға қойған мақсат та жетерлік.Сондықтан «Тәрбие тал бесіктен»- десек осындай өткізілген іс-шаралар бала тәрбиесіне дұрыс ықпал ететіні сөзсіз.

 

Просмотров: 907


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст