Текст
2017-2018 оқу жылының қыркүйек
айында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында мектепке дейінгі білім беруді дамытудың
заманауи үрдістері тақырыбында облыстық конференция өтті.
Осы конференцияға мектеп-
балабақшаның тәрбие жөніндегі орынбасары Оспанова Гүлназ Мамайқызы қатысты.
Гүлназ Мамайқызы конференция тақырыбы бойынша мектеп- балабақшада жүргізіліп
жатқан іс- шаралар туралы тәжірибе алмасып қайтты. Конференция қорытындысы
бойынша Грамота мен Сертификатқа ие болды.