беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Сапта бір-бірлеп түрлі бағытта
жүру және жүгіру. Бір шеңберден екінші шеңберге біртіндеп секіру. »
Мақсаты:
1) Білімділік міндеттері: Балаларды қатар
түзеп, бірден және екі – екіден жылдам және баяу қарқынымен жүруге, жылдамдық
қосып, азайтып жүгіруге жаттықтыру, орыннан ұзындыққа секуруде, зат арасынан
еңбектеп артқа жүруде балалардың ептіліктерін, жылдамдықтарын қадағалау,
қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату арқылы балалардың сабаққа деген
қызығушылықтарын арттыру;
2) Дамытушылық міндеттері: Балалардың жылдамдықтарын, ептіліктерін және
икемділік қасиеттерін дамыту;
3) Тәрбиелеушілік міндеттері: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру;
Керекі құрал – жабдықтар: фишкалар, обручтер, ысқырғыш, ағаштар.
Іс - әрекет кеэеңдері |
Дене шынықтыру нұсқаушысының іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық козғаушы
Іздестіру үйымдастыру.
Жаңа оқу іс- әрекеті
Қимыл – қозғалыс ойыны
Рефлексивті түзетушілік
Қорытынды
|
Балалармен амандасып, оқу іс- әрекетің мақсатымен таныстыру; Оңға солға бұрылуды, орында тұрып бір, екіге санауды үйрету. Ойындар арқылы дамыту жаттығуларын жасау.
1. жалпы дамыту жаттығулары а) б.қ. екі аяқ иық көлемінде алшақ ұстап, екі қолымызды белге қоямыз, басымызды оңға, солға, төмен және жоғары иеміз. 2-3 рет қайталаймыз.
б) б.қ. екі аяқ иық көлемінде алшақ ұстап, екі қолымызды кеуде тұсында ұстаймыз бір-екі дегенде қолмызды алға жартылай, үш-төрт дегенде оңға, солға толық ашамыз. 2-3 рет қайталаймыз.
Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулары: а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. ә) Қолды желкеге қойып өкшемен жүру. б) Қолды белге қойып аяқтың сырт жағымен жүру. Жануарлардың қимылдарын көрсету:
а) Қоян – екі аяқты бірге қосып, секіреді. ә) Піл – төрт аяқтап жүру, тізелерін тік ұстау. б) Аю – оңға солға денелерін иіп жүру. Сапта бір-бірлеп түрлі бағытта жүру және жүгіру, бағытты ауыстырып жүру
Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
«Сәлеметсіндерме, балалар!» «Қандай жақсы болды сендердің келгендерің. Жақсы көңілді ойын ойнап бойымызды сергітіп алайық »
Эстафеталық ойындар Балалар екі топқа бөлінеді. 1 кезең Әр топтың балалары жылан болып, белгіленген жерге дейін жүгіріп, кері қайтады да саптың соныңа тұрады. Ойын осылай жалғасады. 2 кезең Екі топтың балалары гимнастикалық орындықтын үстімен жүріп, содан кейін шеңберден шеңберге секіріп барады да ағаштағы жемістерді бір-бірден алып кері қайтады да себетке салады. Қай топ жемістерді тез жинайды сол топ жеңіске жетеді.
Тыныстарын реттеу. Сапқа тұру Сұрақ – жауап: Балалар бүгін біз қайда бардық? Орманда біз нелерді кездестірдік? Балалар бүгінгі, оқу іс- әрекетінде біз не үйрендік? Балалар, оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Балалар бүгін қандай ойын ойнадық? Балаларды мадақтау. Балалармен қоштасу.
|
Сапқа түзеліп тұрады. Амандасады, тыңдайды.
Қызығушылық танытады.
Денелерін тік ұстап жаттығуларды орындайды.
Ойын ойнайды. Қызығушылық танытады Балалар ойынға белсене қатысады.
Қолды жан – жақтан көтеріп мұрынымен тыныс алып, ауызбен шығару.
Сапқа тұрады.
Сұрақтарға жауап береді.
Қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Сапқа келіп тұруды,саппен жүріп, мұғалімнің белгісіен жаттығуларды
жасауды,.
Нені игереді: Тепе-теңдікті сақтап жүруді,бағытты аустырып жүруді,
шеңберден шеңберге секіруді.
Нені біледі: Шеңбер жасап тұруды,топпен жарысуды, оңға, солға
бұрылуды, бір-екіге саналуды.