Тақырыбы: «С» «Ш» дыбыстарын қойып, айқызып үйрету»
Мақсаты: Балалардың дыбыстарды анық, таза айтуын қадағалап,
буынды, сөзді, сөйлемді айтуға машықтандыру.
Түзете - дамытушылық мақсаты: Тілге жаттығу жасау
арқылы тілдің артикуляциясын түзету. Тыныс алу, саусақ, сергіту жаттығулары
және дидактикалық ойындар арқылы ұсақ қол және жалпы моторикаларын дамыту.
Көрнекілігі: айна, қима
суреттер, дидактикалық ойындар, тыныс алу жаттығуларына көрнекіліктер,
музыкалық әуен, қуыршақ театры, ұсақ қол моторикасына көрнекіліктер.
Түрі:Топтық жұмыс.
Іс-әрекет кезеңдері |
Логопедтің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Салемдесу. Сәлеметсіздер ме балалар? -Көңіл-күйлерің қалай? «Шаттық шеңбері» |
Балалардың амандасуы.
|
Ұйымдастыру -іздену
Сергіту сәті:
|
- Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде ауа -райында қандай ерекшеліктер болады? Бүгін біз «с,ш» дыбыстарымен жұмыс жасаймыз 1.Ең алдымен тыныс алу жаттығуларынан бастаймыз: «Ыстық шайды суытамыз», «шар урлеу», «жаңбыр тамшыларын үрлеп ұшырайық». 2.-Бұл ненің дыбысы? (Аудио үн таспа ойнайды) Ит біздің сабағымызға қонаққа келіпті. Қолында хаты бар екен, көрейікші ішінде не бар екен? 3.Ішінен суреттер және бірнеше тапсырмалар шығады. Суреттерде артикулияциялық жаттығудың жасалу реттілігі бейнеленген. 4.Классикалық тілге арналған артикулияциялық жаттығу жасаймыз: «Әткеншек» «Футбол» «Саңырауқұлақ» «Құймақ» «Тәтті тосап» 5.«С» дыбысының артикуляциясы * Ерін жымиып тұрады; *Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық; *Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады; *Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады; *Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
6.Хаттың ішіндегі тапсырмаларды алып орындату: І-тапсырмасы: Сөйлеу тілінің лексикасымен жұмыс: 7.Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма. -Қарашы, ит бізге бір тапсырма дайындап қойыпты: [С] дыбысы бар барлық суреттерді іріктеп алып, сол сөздегі дыбыстың орның (басында, ортасында, соңында) тауып айту керек. 8.Ойын «Ойлан тап» Шарты: Мен сөзді тізбектеп айтамын, «С» дыбысын естісең қолыңды көтересің: МАСА, БАҚА, ЖАС, БАЛА, ТАС, ЖЕДЕ, АРА, ЕСЕК 9.Фонематикалық естуін қалыптастыру. -Қазір мен әртүрлі әндер айтамын, ал сен судың «ссс...» деген әнін естісең алақаныңды соқ: ж,м,ш,в,а,с,у,р,ц,с,п,н,и,с. Сөйлеу тілінің грамматикасымен жұмыс: 10. Сөзді көпше түрде айтқызу: ЖАСТЫҚ, ҚАСЫҚ, ТАС, САНДЫҚ, ЕСІК.... -Жарайсыңдар! 11.Шаршасаңдар бір сергіп алайық: Шаршасандар, тұрыңдар, Қолды қолға ұрыңдар. Басты төмен бұғыңдар, Жұдырықты жұмындар. Алақанды ашыңдар, Құстай ұшып шығыңдар. 12.Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. Сауысқанды, сәбізді Сарымсақты, сағызды Бастап тұрған қай әріп? Қыста бар, Жазда жоқ Түсте бар, Кеште жоқ Сарада бар, Шарада жоқ Сақанда бар, Шоқанда жоқ 13.Иттің соңғы ІІ-ші тапсырмасы: «Ш»-дыбысымен жұмыс. «Ш» дыбысын қою кезеңі: «Ш» дыбысын айтқанда: ерін дөңгеленіп, тістер жанасады, тілдің ұшы жоғарғы тістің түбінде, тілдің екі жағы жоғарғы тіске тиеді. 14.Ұзақ « Ш» дыбысын дыбыстаймыз. 15.Буын сөзде: «Ш» дыбысын айту. Ша – ша – ша Шы – шы – шы Аш – аш – аш Ош – ош – ош
16.Ұсақ моторикаға арнаған жаттығу «Достық» жаттығуы Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз Бір, екі, үш, төрт, бес Бір, екі, үш, төрт, бес Бір, екі, үш, төрт, бес Енді санауды аяқтадық
17.Ойын: «Лото» суреттер ішінен «Ш» дыбысы бар сөзді орнына қойдыру(шар,шал,шот,шапан) 18.Тілге массаж жасау: Тілді тістеп сыртына шығарып және қайтадан ауыз қуысына кіргізу. Ендеше балалар біздің қонағымызбен қоштасайық. |
Балалардың жауабы
Балалар тыныс алу жаттығуларын орындайды. «Иттің» дауысы деп жауап береді
Балалар тілге, ерінге арналған артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап орындайды
Балалар қайталайды.
Иттің дайындап қойған тапсырмаларын орындайды. Бас, қас, тас, тасбақа, сауысқан, маса, сәбіз.
Қолдарын көтеріп айта бастайды.
Балалар «ссс..» деген әнін естігенде алақанын соғады.
Жастықтар, қасықтар.....
Балалар келіседі.
Орындарынан тұрып іс-қимылдар арқылы орындайды.
«С» әріпі деп жауап береді.
Балалар қайталайды. Ш-ш-ш-ш-ш-ш Жаттығуды 2-3 рет қайталаймыз
Балалар қайталап айтады.
( қолдың саусақтары өзара бірігеді) ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу) (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір- ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз). біріне тигізу)
Суреттерді сәйкестендіріп қояды. Балалар қайталайды.
Қоштасады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қортындылау: -Жарайсыңдар балалар! Сендер итті тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Қай дыбыстарды айтып үйрендік? Сендерге не ұнады? Қоштасу .
|
Балалар қуанады
Балалардың жауабы.
Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Дыбыстар мен әріптерді танып білді.
Қандай түсініктерді игерді: дыбыстардың дұрыс айтылуын,жаттығуларды орындады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырмаларды толық орындап шықты.