«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.11.2017

Бала тәрбиесі- баршаға ортақ

 

Баланы бұзуға, түзеуге себеп

болатын бір шарт-жас күнде  

  көрген өнеге.                                                                                         

Жүсіпбек Аймауытов

Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің

аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында

егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі

барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен

тікелей байланыстырады  Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі,

махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке

тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып

жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы

беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім

де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адамгершілігі мол ұрпақ үшін

бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Әрбір ата-ана

өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы

мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып

жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі

қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы -

бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара

қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы -

туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы -

ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй

басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш

етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең

асыл дүние - оның тәрбиесі. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі

тәрбиеленушілер. Осы қағиданы нақты ұғынған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Ұлт

болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтқан сөзі дәлел. Шын мәнінде

бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті

олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса

маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын

тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi

- берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Дана

халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен

ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың

бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды

қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар

шешуші рөль атқарады. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі

қыз - ертеңгі ана, ол анасына қарап өсіп, бой түзейді. Баланың қоғамдық

әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса,

жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш.

Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер

баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде

ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады белгілі педагог А.С.

Макаренко, «Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз

үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер,

сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай

қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста

боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар - осылардың бәрінің

бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті,

жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең

тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке

басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы

алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің

жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы

- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі

отбасының тигізетін әсері мол.

Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата –

анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында

ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата- ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды

баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың

жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп,

баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер

баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады.

Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние

жұмбақтарын танытып, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті

өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс

қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды

болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа

тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға,кез-келген бала алдымен

үлгіні ата-анасынан алады.Сондықтанда ата-ана сөйлеген

сөзіне,қарым-қатынасына,іс-әрекетіне аса мән беруі тиіс.

Қорытындылай келе, Елбасының  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазіргі заман талабына сай,жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,имандылық әдебі парасаты бар

ұрпақ тәрбиелеу,өсіру,білім беру бүгінгі таңда отбасының,балабақшаның барша елдің халықтың міндеті»деп айтылды.

Отбасы – ата-ана – балабақша үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.

 

 

 

 

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст