Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлім: «Сауат ашу негіздері», «Мүсіндеу» «Сурет»
Тақырыбы: «М дыбысы мен әріпі»
Мақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы
туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін
түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату
арқылы сөздік қорларын молайту. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау
қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
Көрнекілігі: Слайд, кеспе әріптер, суреттер, дыбыстық талдауға арналған текшелер, топпен жұмыс.
Билингвальды компонент: моншақ-бусы- мақта-вата- Мата-материал-
Сөздік жұмыс: моншақ, мата, мақта.
Қызығушылық оятатын кезең |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Шаттық шеңбер: Кане, балалар қонақтармен амандасып алайық. Бүгін оқу іс-әрекетімізді ойыннан бастайық. «Ойлан, тап» Шарты: Мен бір балаға допты лақтырамын. Ол бала қағып алып менің сұрағыма жауап беріп, допты қайта лақтырады. 1. Сауат ашу оқу іс-әрекетінде нені үйренеміз? 2. Әріп деген не? 3.Дыбыс нешеге бөлінеді? 4.Қандай болып? 5.Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? 6. Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? 7. Дауысты дыбыс қалай айтылады? 8. Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? 9.Дыбысты не істейміз? 10. Әріпті не істейміз? Балалар орнымызға отырамыз. Біз топтарға бөлініп жұмыс жасаймыз. Бірінші дауысты дыбыс тобы, екінші дауыссыз дыбыс тобы, үшінші әріптер тобы. Сөз жұмбақ шешейік: 1. Қыздар алқасы? 2. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз? 3. Көйлек неден тігіледі? 4. Киім тоқылатын ақ ұлпа? Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық. Еендеше бүгінгі ашық оқу іс әрекетінде өтетініміз М дыбысы мен әріпі. Олай болса, барлығымыз қолымызды егімізге қойып, М деп дыбыстап көрейік. Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс. Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? Енді осы М дыбысынан келетін сөздер айтып көрейікші? Маса деген сөзде неше буын бар. Неше буын болса , сонша дауысты дыбыс болады. Енді осы маса деген сөзді текшемен жазайықшы. Дыбыстық талдау жасау. Тақтаға бір бала шығады, қалғаны орнында орындайды.
Сергіту сәті Ойын ойнайық:«Дыбысты анықта» Мен сендерге А дыбысынан сөз айтқанда қолмен шапалақтайсындар. Ал, М дыбысынан сөз айтқанда аяқпен тарсылдатасыңдар. Жақсы ма?
Енді, балалар тақтаға қарайық . Тақтада М дыбысының таңбасы. Мм әрпінің баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу. Дәптермен жұмыс. Дәптерді ашып, М әрпін жазуды ұсыну. Тақтада берілген сөздерді оқыту. Слайд: Алма, шам, май сөздерге кеспе әріптермен жазайық. Неше әріп бар, М әрпі қай жерде тұр.
Суреттер бойынша сөйлем құрау. Мысық, май, машина, мұғалім, матаның суреттеріне сөйлем құрап, неше сөзден тұратынын айтады.
Жақсы балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ал, енді балалар, М әрпін дауысты дыбытар тобы: ермексазбен мүсіндейді. дауыссыз дыбыстар тобы:саусақпен салады. әріптер тобы: таяқшамен орындайды. |
Балалардың жауабы.
Сауат ашу оқу іс әрекетінде дыбыстармен әріптерді үйренеміз. Әріп деген дыбыстардың таңбасы. Екіге бөлінеді. Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс. Қызыл, көк. Кедергісіз, кедергімен. Естиміз, айтамыз. Жазамыз, көреміз.
Моншақ
Мал Мата Мақта
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ – та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр. М дыбысын барлығы айтады.
Дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
Маса, Машина, маймыл, май, мақта. Ма-са екі буын.
Сергіту сәтін балалар бірге орындайды. Алма, алмұрт, аққу, ана, ата, ара, асқабақ, арыстан, аю. Машина, маса, мысық, мақта, маймыл, мектеп, мұз, май.
Ауада жазады. Дәптерді ашып, М әрпін жазады.
Ма, ма-та, мой, мой-нақ, том, тол, Май сөздерін оқыйды. Балалар М әрпін дәптерге жазады. Балалар бірге, кезек кезек оқиды.
Алма, шай, май сөздерін кеспе әріптермен жазады. Мысық сүті жақсы көреді. Төрт сөзден тұрады. Айсұлу майды нанға жағып жеді. Бес сөзден тұрады.
Балалар орындайды.
|
|
Ендеше балалар бүгінгі ашық оқу іс -әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық?. М дыбысы қандай дыбыс болды? Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? Осымен бүгінгі оқу іс -әрекетіміз аяқталды. Мадақтау. Бағалау. Күліп тұрған смайлик тарату. |
М дыбысымен Дауыссыз дыбыс
Көк текшемен. |
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: М дыбысы мен оның әріп таңбасын білу.
Болу керек: М дыбысын сөз ішінен таба алу.
Үйрену керек: М дыбысына мысалдар ойлату.