Мақсаты:
Балаларға Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлімет беру,
сан қырлы дарын иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, халқымызды
әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының
кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге, елі сүйген тұлғадан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстанкартасы,Астана,Елбасының суреттері,слайд,ТСО
Ұйымдастыру кезеңі:
Қуан,шаттан балақай,
Жарқырайды аспанда күн алақай!
Атқан таңға,шыққан күнге сәлем беріп,
Бақыт тілеп баршаңызға осындай
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
-Балалар1желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні.бүгінгі оқу
іс-әрекетіміздің тақырыбы «Елін сүйген Елбасы»
-Балалар біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ?
-Қазақстанда.
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланады.
Елбасымыздың туған жері-Үшқоңыр ауылы,қарапайым отбасында өскен.
Талабына табанды,оқуына алғыр болған.Халық сеніміне бөленген Нұрсұлтан ата-бүгінде
әлемге әйгілі қайраткер,тарихтың ұлы тұлғасы.
Ашық оқу іс –әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тереңірек танысайық.
-Балалар экранға назар аударайық.
Тәрбиеші :Егеменді ел болып,тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт Қазақстанның әр азаматы үшін
қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі еліміздің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен болған.
Ғажайып сәт:
Ата келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Сәлеметсіз бе ата!
Тәрбиеші:
-Сәлеметсіз бе ата! Келгеніңіз қандай жақсы болды,бүгін бізде мереке біздің еліміздің Президенті күні.
Ата:Солай ма, мерекелерің құтты болсын!Ендеше маған Президенттерің туралы білетіндеріңді айтыңдар.
Арсен:Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Дәлен:Атады әрбір таң күліп
Шашады алтын шапағын
Жер бетінде мәңгілік
Жасайды ұлы Отаным
Нұрсипат:Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған
Құт қонған ел қасиеттен жаралған
Бірлігімнің туын биік ұстаған
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған
Әсел:Отан деген-атамакен
Отан деген-туған жер
Отан -ана, Отан үлкен
Қазақстан-туған ел!
Инжу: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көк аспанда нұрлы күн
Қанат қағып барады.
Беколжас: Бүгін де әлем таныған
Тәуелсіз елім-Қазақстан
Егіз ұғым секілді
Қазақстан-Нұрсұлтан.
Тәрбиеші:Ата біздің балалар Тұңғыш Президент күніне арнап
«Балдырғандар әнін» орындап береді.
Сергіту сәті: Жоғары қарап күн көрдім.
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға, бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Ата:Өте жақсы балалар,келесі менің білгім келетіні-Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:Қазақстан Республикасының рәміздері-Ту, Елтаңба, Әнұран.
Ата: :-Балалар қараңдаршы Еліміздің туының түсі қандай онда нелер бейнеленген?
-Елтаңбада нелар бейнеленген?
Балалар:атаның сұрақтарына жауап береді.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының туының авторы- Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов
Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазғандар-Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәрбиеші:Балалар еліміздің рәміздерін үш тілде айтып көрейік.
Ту-флаг-флэг
Елтаңба-герб-эмблем
Әнұран-гимн-анзем
Тәрбиеші:Балалар енді орнымыздан тұрып еліміздің әнұранын орындайық.
Ата:рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын. Сендер өз еліміздің рәміздері мен
Президенттерің туралы көп біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар! Олай болса қолдарыңды
жайыңдар. Мен сендерге батамды берейін.
Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Дендеріңе саулық берсін
Несібелеріңді мол ғып берсін.
Еліміз аман болсын.
Тыныштық заман болсын!Әумин!
-Сау болыңдар балалар.
-Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің соңында «Нұр аға» әнін орындайық.
-Өте жақсы, балалар! Туған жерді гүлдендірер ел болашағы сендерсіңдер,елімізде
әрдайым тыныштық болсын!
Бүгінгі Президент күніне арналған ашық оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.