«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төрлет, жаңа жылым, құт жылым!

19.01.2018

Жаңа –жылды бар адамзат баласы асыға күтетіні сөзсіз,әсіресе балалар.

Аяз-ата мен ақшақардың келуі балалар үшін үлкен қуаныш. Тақпақ жаттап, әнін

дайындап, сыйлық күтеді. Мектеп-балабақшада жаңа-жыл мерекесін көтеріңкі көңіл –күймен,шаттықпен

тойлау үрдіске айналған. Осы мерекені ұйымдастыру арқылы біз

тәрбиеленушілеріміздің танымдық қабілеттерін жетілдіреміз. Әсемдікке,

өнерсүйгіштікке, достыққа баулимыз.

Биыл да жылдағы дәстүрмен мектеп-балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері

жаңа –жылды думандатып, жырлатып, әсем безендірілген  шыршаның 

жанында  қарсы алды. Арнайы құрылып бекітілген кесте бойынша, жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалған 1-2-ші кіші топтар бір сценаримен, ортаңғы топтар бір сценаримен, ересек топтар да бөлек

бір сценаримен,мектепалды даярлық топ және 1-сынып жеке сценарий құрып өткізді.

Желтоқсанның 22-ші жұлдызында мектепалды даярлық топтпрының ертеңгіліктері

өткізілді.  Содан соң желтоқсанның 26-29 аралығында  кіші, ортаңғы, ересек топтар

мен 1-сыныптың ертеңгіліктері өткізілді.  Әр топтың өзіндік ерекшеліктері байқалды. Қай

бала болмасын тақпағын мәнерлеп айтып, жек және топпен ән орындап, әртүрлі

билер биледі. Аяз ата-мен ақшақардың келуі шырша шамының жағылуы балаларға

ерекше қуаныш сыйлағандай.  Ертегі кейіпкерлері де ролдерін беріліп, жоғары деңгейде ойнады. Балаларының қуанышын көрген ата-аналар топ тәрбиеленушілеріне мектеп-балабақша әкімшілігіне

ризашылығын білдірді. Аудандық «Бұланды таңы» газетіне мақала беріп, алғыс

жариялады. Ертеңгілік соңында аяз-ата  әрбір балаға мектеп-балабақша есебінен алынған сыйлықтарды үлестіріп берді.  

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст