Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оны көзіміздің қарашығындай қорғау-баршамыздың борышымыз. Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие бәрімізді ойландырып толғандыратын өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды. Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен ананың, бауырлардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Тәрбие әр отбасында түрліше, өздерінің қалыптасқан отбасылық
құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелеуді мәңгілік ел болып қалыптасудың нақты қадамдары деп білемін. 2017-2018 оқу жылында халықаралық «Пони» байқауына «Мирас» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Есен
Ерназар білім сайысына қатысып ең жоғарғы ұпай жинап жеңімпаз атанып арнаулы «Жеңімпаз» алқасы мен Дипломға ие болды. Тобымыздың басқада тәрбиеленушілері Азатбек Разия, Смагзамова Айлана, Акимбаева Арина, Сухецкая
Дарьялар жүлдегерлер қатарынан орын алып тобымыздың мәртебесін бір биікке көтерді. Оқу мен тәрбие бір-бірінен
бөлінбейтін егіз ұғым. Балабақша тәрбиешілері жаңа заманның жаңашыл маманы ретінде осы үрдісті қатар алып жүріп
шеберлігі мен іскерлігін шыңдай бермек. Келешекте де тәрбиеленушілеріміз әлі талай биік белестерді бағындырып, ата-аналарының, тәрбиешілерінің армандарын асқақтатар ұрпақ болатынына сеніміміз мол.