«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.02.2018

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық    картасы.

 Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

 Бөлімдері: Сауат ашу, Мүсіңдеу

Тақырыбы: «Ә, І әріптерімен  танысу. Ілгіш мүсіндеу»

Мақсаты: Ә және І дыбысы мен әрпімен таныстыру, анық таза сөйлеуге үйрету. Өткен әріптерді еске түсіре отырып

ойлау қабілеттерін арттыру.Үлкенге құрмет көрсету, ұғымталдыққа, ұқыпты жұмыс атқаруға тәрбиелеу.

Түрі -типі:Тәй -тәй технологиясы.

Әдіс -тәсілдері:Сұрақ- жауап, ребус шешу, буынға бөлгізу, тәжірибе жасау.

Көрнекілік: Әріптер, суреттер, ермек саз, сүт, айран, ірімшік, сүлгі.

Бингвалдық компонент: Петух -әтеш, әже -бабушка, сыр- ірімшік.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап, білім аламыз.

Сауат ашу пәнінде,

Әріптермен дыбысты,

Біз үйреніп аламыз.

Сәлемтсіздер ме қонақтар.

 

 

Шаттық шеңберін жасайды.

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға дыбыстарды,

әріптерді ататып,өткенді пысықтау. «Кім білгіш?» ойының ойнату, әріптерді көрсетіп

дауысты болса қолдарын соғады, дауыссыз болса тізелерін шапалақтайды.

Балалар , біреу есік қағып

тұрған сияқты? кім екенін көрейік? Бір баланы көріп келуге жіберу.

Сиқырлы қобдиша алып келеді.

Қобдишадан  жаңа Ә, І дыбысын алып көрсету, бүгін біз жаңа

дыбыстармен танысамыз.Әріптерді бірге хормен айтқызу.

Суретпен жұмыс. Суретте не

көргенін  ататып айтқызу .

Мынау ненің суреті?

Осы сөздердің басында қандай

дыбыс естіліп тұрғаның айтқызу.

Балалар енді біз орталықтарға

бөлініп   жұмыс атқарайық.

Өнер орталығындағы балалар ілгіш мүсіндейді.

Ал   ғылым орталығындағы балалар ірімшік жасау

жолдарымен танысады.

Кітап орталығындағы балалар Ә, І әрпіне байланысты жұмбақ шешеді.

Жұмбақ:

Жалғыз таяқ болып тұр,

Төбесіңде доп тұр.

 

Әжемде бар,

Атамда жоқ.

Әкемде бар,

Анамда жоқ.

 

Ә және Ідыбысы қандай дыбыс?

Ә мен І ден басталатын

сөздерді атату.

Балалар біз ребус шешейік

ірімшік,лақ,гүл,іздер,шананың суретің ілу.

Олардың басқы әріптерінен

сөз құрастырту.Ілгіш сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Текшелер арқылы сөз жазғызу.

Сергіту сәтін жасау.

Ән әуенімен қимыл қозғалысты

бірге қайталап жасату.

 

Балалар әріпті атайды.

 

 

 

 

Олар есіктен кім келетінін

күтеді.

 

 

 

 

Әтеш,

әже,

ірімшік.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

Шешуі :

І әрпі

 

 

Шешуі :

Ә әрпі

 

 

Ілгіш,әже, әтеш.

 

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды:

Ойын;

«Күн шашағы»

Ойын шарты;сұрақтарға жауап

бере отырып күн шашағын құрастырту.

Бүгін біз қандай дыбыспен

таныстық.

Ә әріпі қандай дыбыс.

І әріпі қандай дыбыс.

Ә әріпін қандай текшемен

белгілейміз.

І әріпін қандай текшемен

белгілейміз.

Дауысты дыбыстар қандай

текшемен белгіленеді.

Дауыссыз дыбыстар қандай

текшемен белгіленеді. Оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап

беріп күн шуғын іледі.

 

 

Олар өз іс- әрекеттеріне

қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өткен дыбыстарды ажырата біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Ә, І дыбыстарын әріптерін білу, атау.

Білу керек : Жұмбақтар, ребустар шешу, сөздер айту.  

 

 

 

 

Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст