Ата –аналарға арналған кеңес
Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын!
Егер Сіз балаңыздың болашақта жақсы мамандыққа ие болып,
жеке тұлға ретінде ашылғанын қаласаңыз,
ең алдымен баланы сауатты және әдемі сөйлеуге үйретіңіз.
Кез-келген мамандық иегеріне дұрыс сөйлеу қажет. Баланың қате, тақыл-тұқыл сөйлеуі,
оның қоршаған әлем мен қарым-қатынасын қиындатады, оның жалпы дамуына,
мінез-құлығына әсер етеді, ал
келешекте оның мектептегі жаман үлгеріміне себепші болуы мүмкін.
Баланың сөйлеу қабілеті қоршаған адамдардың сөйлеуіне еліктеу арқылы дамиды. Сондықтан отбасында
бала тек қана дұрыс тілді есту керек.
Ата-ананың және жанұяның барлық мүшелерінің тілі – бала үшінен бірінші еліктейтін үлгі.
Ата-аналар!
Сіздер – өзіңіздің балаңыз үшін бірінші ұстазсыздар!
Отбасы – бірінші мектеп!
Балаға үлкендердің көмегінсіз дұрыс тілді игеру қиын. Балаларыңызбен сөйлесіңіз.
Оған зейін қойып тыңдаңыздар, сөзін бөлмеңіздер. Оның барлық сұрақтарына жайбарақат,
асықпай, анық, мәнерлі, орташа дауыс ырғағымен жауап беріңіздер, дыбыс пен
сөздерді дұрыстап айтыңыздар – бұл баланың дұрыс тілді тезірек игеруіне көмектеседі.
Баланың қатетіліне еліктемеңіздер, өздеріңіз баланы дұрыс емес, "ням-ням"
немесе "бобо" деген сияқты ойлап табылған сөздерге үйретпеңіздер,
әйтпесе содан кейін балаға қайтадан үйреніп, дұрыс жаңа сөздерді есінде сақтауына тура
келеді. Бұнымен Сіз бала тілінің дұрыс дамуын бәсеңдетесіз.
Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіңіздер. Балалардың тез
сөйлемеуін қадағалаңыз. Баланы асықпай, анық, мәнерлі сөйлеуге, дыбыс пен
сөздерді дұрыс айтуға үйретіңіз.
Балаға тым көптілдік мағлұмат тиеп жібермеңіздер. Кішкентай балаларға ұзын өлең жолдарын бермеңіздер.
Кітап таңдаған кезде тәрбиешілердің кеңестеріне жүгініңіз.
Бала тұтығып, тілінде мүдіріс байқалса, тез арада логопедке барыңыз.