Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл
әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» деген болатын.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік
Бағдарламасын іске асыру мақсатында елімізде жүйелі түрде бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні «Балдырған» мектеп- балабақшасы 320 бала тәрбиеленіп, білім алып жатқан шағын мемлекет, шағын балалар әлемі. Балабақшаның материалдық базасына келер болсақ, жалпы ауданы 4905 шаршы метр . Жылу жүйесі-
автономды, сумен жабдықталуы орталықтан. Мектепке дейінгі балалар мекемесі типтік жоба бойынша 2010 жылы салынған, жас ерекшеліктері әртүрлі 15 топ (оның ішінде-2 санаторлық топ, 2 мектепалды даярлық топ) және 1 сынып бар, Оқу-тәрбие жұмысы барлық топта қазақ тілінде жүреді.
Балалардың қабілеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне қарай күннің екінші жартысында,
қолөнер үйірмелері, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі үйірмесі, хор, би үйірмесі, жүзу, логопункт жұмыс жүргізіледі.
Бағдарламаның міндеттерінің бірі: мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру болып табылады. Бұл бағыт бойынша биылғы оқу жылында барлығы 44 педагог мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім берумен айналысуда, олардың 2-уі жас маман. Педагогтардың білім деңгейіне келер болсам, жоғары білімі бар педагогтар саны- 18, орта арнаулы педагогтар саны- 26. Бағдарлама бойынша еліміз 2020 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдардағы
мамандандырылған жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесін 50 %-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Бұл міндет бойынша да мектеп- балабақшада жұмыстар бірізділікпен жүргізілуде. Жоғарыда айтылған 44
педагогтың 30- тәрбиеші болса, олардың 20-ның, (45%) мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі
мамандығы бар. Қазіргі кезде 8 педагог жоғарғы оқу орындарында мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешісі мамандығы бойынша сырттай білім алуда.
Сапалық құрамына келсек, жоғары санатты — 1, бірінші санатты — 12, екінші
санатты-21 педагогымыз бар. Жыл сайын педагогтардың біліктілігін көтеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп
тұрады. 2017 жылы біліктілігін көтеруге мектеп- балабақшадан 10 педагог өтініш
беріп, екінші, бірінші, жоғары санат алу мақсатында бұл педагогтарымыз жыл бойы жұмыс жасауда. (2-жоғары, 6- бірінші, 2- екіншісанатқа)
Жоспар бойынша педагогтар біліктілік көтеру
курстарына да жіберіліп тұрады. 2017 жылы 4 тәрбиеші бюджет есебінен біліктілік арттыру курсынан өтті. 3 тәрбиеші
«Балапан» бағдарламасы бойынша 3 айлық қайта даярлау курсынан өтті. 2016-2017
оқу жылынан бастап, 1- сынып жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасағандықтан 1 сыныпта сабақ беретін 3 педагог, мектеп- балабақша директоры және
директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, барлығы 6 педагог
жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтті. Тәрбиешілерден жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша әзірше 3 тәрбиеші біліктіліктерін көтерді.
Қазіргі таңда жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңі жүріп жатыр. Жаңа инновациялық технологиялардың мектеп- балабақшамыздың педагогикалық жұмысында қолданылуы, қажетті және міндетті
жағдай. Оқу-тәрбие үрдісінің негізінде инновациялық «Тәй-тәй» технологиясы
қалыптасқан. Біздің мектеп- балабақшамызда баланың жан- жақты дамуына қолайлы
жағдайлар жасалған. Топтық бөлмелер заман талабына, мемлекеттік стандарт және
«Тәй-тәй» инновациялық технологиясына сай жабдықталған. Мектепке дейінгі мекеменің
педагогикалық ұжымы халықаралық «Тәй-тәй» технологиясын мемлекеттік
бағдарламалармен толықтыра отырып, өз міндеттерін іске асыруда.
Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Мектеп- балабақшада инновациялық білім беру құралдарынан : видеокамера, компьютерлер, интерактивті тақталар,
интернет, мультимедиялық құрал, электронды оқулықтар мен әдістемелік кешендер,
ақпараттық банк және сайттар бар. Педагогтар үнемі «Билимленд» және «SMK» сайттарымен жұмыс жасайды. 1 сынып педагогтары «Күнделік. kz», электронды журналдармен жұмыс жүргізеді. 1 сыныпта,
қазақ тілі кабинетінде және мектепалды даярлық тобында интерактивті тақталар
пайдаланылуда. Ал 2017 жылы екі мультимедиялық құрал екі топқа орнатылып,
қазіргі кезде тәрбиешілер өз іс- тәжірибелеріне енгізуде. Атап айтсам, тәрбиеші
Тулебаева А. Т. мультимедиялық құралды өз жұмысында қолданып, «Облыстық оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауына қатысып, ауданда І орынға ие болды.
Бүгінгі күннің талабына сай үш тілді білім беру жүйесінің негізін қалау мақсатында
мектеп балабақша тәрбиеленушілері үш тілді үйренуде. Өзге ұлт өкілдері балалары мемлекеттік тілде таза сөйлеп
үйренуде. Типтік оқу жұмыс жоспары бойынша ІІ кіші топтардан бастап орыс тілі
пәні және ересек пен мектепалды даярлық топтарында ағылшын тілі пәндері
жүргізіледі. Биылғы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі
ұйымдарда балалардың білігі мен дағдысының дамуын қадағалайтын индикаторлар
жүйесі әзірленіп енгізілді. Осы индекаторлар бойынша мектеп- балабақшада оқу
жылының басында- бастапқы, ортасында-аралық бақылау жүргізілді нәтижелері "Бақылау парағына"
толтырылды. Алынған деректер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылды.
Әдіскер барлық топтар бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын
бақылау бойынша бастапқы және аралық мониторинг нәтижелері туралы жинақ есебін жасады.
2017-2018 оқу жылында халықаралық «Пони» байқауына
мектепалды даярлық топтың 2 тәрбиеленушісі білім сайысына қатысып ең жоғарғы
ұпай жинап жеңімпаз атанып арнаулы «Жеңімпаз» алқасы мен Дипломға ие болды.
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Оның мақсаты- мүмкіндігі шектеулі
жандардың оқып, кәсіптік даярлықтан өтуі үшін кедергісіз орта құру. Мектеп-
балабақшада бірте- бірте инклюзивті білім беруді енгізуге байланысты әртүрлі жұмыстар мен қолайлы жағдайлар жасалуда.
Негізгі мақсатымыз: инклюзивті білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Мектеп-балабақшамызда 2014 жылдың 4 мамырынан бастап Логопедтік пункт ашылып, қазіргі кезде ПМПК-ның
қорытындысы бойынша логопунктке қабылданған сөйлеу тілінде мүкістігі бар балалардың саны: 26.
Бағдарламаның келесі міндеттері: "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік
құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және нығайту;
Білім беру саласында «Мәңгілік ел» «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеяны жүзеге
асыру бойынша әртүрлі іс- шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Осындай іс- шараларға мектеп- балабақша
педагогтары мен тәрбиеленушілері үнемі қатысып отырады. Атап айтсам, «Облыстық
оқу –әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «Отаным-
тағдырым» эссе байқауына 1 сынып мұғалімі қатысып ауданда І орынға ие болды.
Облыстық «Өрлеу» біліктілік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мәңгілік
ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында мектепке дейінгі білім беруді
дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбындағы облыстық конференцияға тәрбие ісінің орынбасары қатысты.
Көкшетау қаласында I халықаралық «Жас талант» шығармашылық
байқауына эстрадалық вокал, мәнерлеп оқу, хореография номинациялары бойынша
кішкентай бүлдіршіндеріміз қатысып, мәнерлеп оқу және Хореография номинациялары
бойынша жүлделі 1 орындарға және вокал номинациясы бойынша 2 орынға ие болып
балабақша мерейін кішкентай бүлдіршіндеріміз бір асқақтатып тастады.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы рухани әлемімізге соны серпін берді. Ежелден қалыптасқан ұлттық болмысымызды таза сақтауға, рухани жаңғыруға үндейді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің бастауы- саналы жеке азамат қалыптастыру. Осы бағытта бір кісідей
жұмыс жасасақ бағдарламамыз да табысты іске асады деп ойлауға болады.