«Ардақтайық ананы»
Мақсаты: .8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру, мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу.
Жүргізуші:Армысыздар,құрметті асыл аналар,қыз-қызғалдақтар, ақ жаулықты әжелер!Сіздерді көктемнін шуақты мерекесі сегінші наурыз аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарылы болсын.
Ардақты әжелерім,аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Бүгінгі 8 наурыз «Ардақтайық ананы» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!«Балдәурен» тобының балаларың қарсы алайық!!!
(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)
Жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары
Өммірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады-дей отырып алғашқымерекелік құттықтау сөз кезегін «Балдырған» мектеп-балабақшасының директоры Ақпентаева Райхан Зейнұлақызына беріледі.
Жүргізуші:Анажан, мені әлпештеп аяладың,
Бойдағы ізгілікті аямадың,
Анажан, өзіңсің ғой сүйенішім
Анажан, өзіңсін ғой саябағым.
-Ұлдардың орындауында «Аналар алтын»әнің қабыл алыңыздар. Ортаға
ұлдарымызды шақырайық.
Хор: «Аналар алтын»
Жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер.
Ал енді қыздарымыздың «Ана жүрегі» биін тамашалаңыздар.
Би:«Ана жүрегі».
Жүргізуші: Көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, аналар мерекесі келді. Мерекелеріңіз құтты болсын аналар! Осындай қуанышты сәтте бала жүрегінен шыққан тілекке құлақ түрейік.
Ортаға: Айлин, Аяулым, Малика, Әнел Ш., Төрехан, Айым Н., Нәзерке, Інкар,Адиль, Нұрбатыр.
Айлин: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл – қызың.
Аяулым: Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Бақшадан үйге келгенімде
Бал сөзі «Жаным» деген сая маған
Малика: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Әнел Ш. Ана- көркі көгімнің
Ана-нұры жерімнің
Ана-бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
Төрехан: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар
Айым Н. Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақытты ана менен
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем
Нәзерке: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Інкар: Анашым- менің тірегім
Анашым – менің жүрегім
Бар адамдардың ішінен
Анамды жақсы көремін.
Адиль: Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам
Нұрбатыр: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жүргізуші:-Балалар, сендердің әкелері бір күн ананың ұй жұмысын істей алама? Үй сыпыру, тамақ пісірі, баланы бағу? Қалай ойлайсындар? Қазір біз тексеріп көрейік. Ендеше әкелерді ортаға шақырып, көріністі тамашлаңыздар.
Көрініс:«Ананың бір күні»
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Көктемнің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық- деп, ару қыздарымыздың орындауында «Мен тәтті» әнің қабыл алыңыздар.
Ән: «Мен тәтті»қыздар хоры
Жүргізуші:Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.- дейі отыра, аяулы аналар, әжелер сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ортаға:Ансар, Р. Анеля, Медина, Эльдар, Амаль, Амир, Даниал, Ж. Айым, Салия.
Ансар: Қайырымды,қасиетті.
Ең ардақты, ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман-есен жүріңізші,
Бар тілегім сол, Әже.
Анель Р. Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Медина: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз.
Эльдар: Әжемді ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Әже деген асыл жан
Құрмет көрген ғасырдан
Аялаймын әжемді
Амаль: Баланың да тірегі
Дананың да тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі
Амир: Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Даниал: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Айым Ж. Құшағына кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен
Құттықтаймын, анашым.
Салия: Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!
Жүргізуші:Әжелерім мерекеңіз құтты болсын,
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын.
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Ардақты да қадірлі, асыл әжелерімізге балалардың орындауында «Аппақ әжем»әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Аппақ әжем».
Жүргізуші:Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын- дей отырып ендеше ойының кезегі да келді, ойынға аналамызыды шақырғым келеді. Ортаға 6 ананы кошеметпен шақырамыз.
Аналармен ойын:«Кім жылдам».
Шарты: Аналар екі командаға бөлінеді, обручпен эстафета жүгіреді.
Жүргізуші:Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз - деп енді балаларымыздың тағы бір сіздергі арналған сыйлығы бар екен, ортаға шақырайық.
Би:«Аулдағы дискотека».
Жүргізуші:Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп келесі кезекті қыздардың орындауындааналарға арналған «Мерекелеріңізбен!» әнің қарсы алыңыздар.
Ортаға: Айым Н., Малика, Аяулым, Анель Р. қошеметпен шақырайық
Ән: «Мерекелеріңізбен!».
Жүргізуші:Рахмет, балалар! Ал, балалар бүгін әкелер өз өнерлерін көрсетті, ал енді сендер де ойын ойнапкөңіл күйлерін көтерейік.
Ойын: «Анаға көмектесеміз»
Шартты:Шеңбер бойымен шара, сыпырғыш, шан сүртетін щетканы балалар бір біріне береді, музыка тоқтағанда кімнің қолында қалды? Сол балалар ортаға шығып кимыл жасайды.
Жүргізуші:Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім
-Алдарыңызға әнші қыздарымыздың орындауында «Анашым» әнің қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым».
Ортаға:Әнел Ш., Айлин, Айым Ж., Амальді шақырамыз.
Жүргізуші:Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым.
Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені,бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе?Олай болса, әр балалардың өзі дайындаған аналарына сыйлықтарын қабыл алыыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі күнің қонақтары, біздің тобымыздағы ару қызымыз Назымбек Айым «Таңмен бірге» әнімен халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестивальне қатысып, бас жүлде Гран-при жеңіп алды.
Жеңімпазымызды әнімен ортаға шақырамыз.
Ән: «Таңмен бірге» Назымбек Айым
Жүргізуші:Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкілі халық!
Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!
Ән:«Ана туралы паппури»
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!