Текст
Мақсаты: Балаларға сандардың реті туралы білімдерін бекіту.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу.
«Ойын»,«Жаттығу» — балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі.Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады.Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде достарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады,өмірлік дағдыларды меңгереді.