Ата -аналарға кеңес: «Балабақшаға бейімделу кезінде баласына қалай көмектесе алады?» Педагог-психолог Жахина А.А.
Сіздің балаңыз балабақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала үшін стресс.
-Бұл неден көрініс табады?
Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды; Дене кызуы көтерілуі мүмкін;
Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін; Имунитетінің төмендеуі, саламағының азаюы мүмкін. Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі бейімделудің алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты: баланың жасына байланысты. 2 жаска толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай. Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты, балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?Кішкентай бала ата- анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата- анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата- анасы. Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылауды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болуы мүмкін деген сұрақтардың жауабын екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың балабақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты қызық екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен балабақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді. Баламен оның күнделікті балабақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс.