Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» Мақсаты : Балаларға 1 — қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі — құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс — тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ — жауап, бейне роликтер,
Барысы: І. Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері:
Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын,
Балабақша есігін. Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта! Мемлекеттік әнұранды орындау. Тәрбиеші: Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, жазып үйрену керексіңдер.
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
(балалардың жауабын тыңдау) Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Макинск қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Балдырған» бөбекжайының. «Мирас» даярлық тобына келеміз.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріңнің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!
ІІ. Негізгі бөлім.
Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған бейне роликті экраннан бірге тамашалап көрейікші. Білім күніне арналған тақпақтарымызбен іс — әрекетімізді жалғастырайық.
А.Алихан: Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!
Н.Айзере: Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын мерекеміз.
Малика: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Мақсат: Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз
Біз — осы үйдің сәніміз.
Арсен: Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Қ.Айзере: Білім — менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу — айдында
Жайып білім желкенін
Айқын: Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге! Тәрбиеші: енді балалардың мақал — мәтелдерін тыңдап көрейік. Жасмин: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар. Адина: Кітап — білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы. Арлан: Ақыл азбайды,
Білім тозбайды. Тәрбиеші: Сергіту сәті.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз. ІІІ. Қорытынды бөлім. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, алған әсерлерімен сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытынды жасалды.
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады! Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс — әрекеттеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз.