«Балабақша-заманауи әулет мектебі»
«Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей, баланың мінез –құлқы өскен ортасына , көрген тәрбиесіне байланысты . Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан да «Балдырған» мектеп-балабақшасында «Аналар мектебі » 2011 жылдан бері жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз: Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мәселелерін қарастыру, тәжірибе, пікір алмасу. Біздің ана мектебі мүшелерінің жастары әр түрлі. Құрамында жас аналар, орта жастағы аналар, ақ жаулықты әжелерге дейін бар. Мектеп-балабақшада тәрбие мен оқыту жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізілгенімен, 47 тәрбиеленуші –өзге ұлт өкілдері. Олар толық мемлекеттік тілде тәрбиеленіп, білім алуда. Сол себепті біздің мекемедегі ана мектебі мүшелері де әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Жыл сайын жаңа оқу жылының мақсат, міндеттері қарастырылып ана мектебі мүшелерімен талданады. Балабақша мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатылған. Әр ана өз баласының болашағына алаңдайды. Қазіргі таңда аналарды басты толғандыратын мәселелердің бірі, балалардың тіл мүкістігі, дыбыстарды дұрыс айта алмай, сөйлемегендері қиналдырады. Балалармен қосымша жұмыстар атқару үшін аналармен логопед , дефектолог, психолог мамандары да пікір алмасып, жиі ұсыныс, пікірлерін білдіреді.
Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында диетбиеке, медбикелермен де дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, аналар тарапынан шешімін таппаған сауалдарға жауап беріліп, ауқымды түрде кеңестер өткізіліп тұрады. Ата-аналарға жыл сайын 1 күн ашық есік күні ұйымдастырылады. Ата-аналар да балаларының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, әркез ұйымдастырылған іс-шараларға қызығушылықпен қатысып отырады. Соңғы «Ана мектебінің» отырысы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылындағы болған жағдайға байланысты жүргізілді. Отырыс кезінде барлық аналарды алаңдатып отырған еліміздегі жағдайдың бейбіт келісіммен аяқталғанын қалайды. Бұл болып жатқан жағдайдың біздің халқымыздың болмысына сана-сезіміне, жан дүниесіне жат нәрсе екенін, өскелең ұрпақтың осындай қателіктерді болашақта жасамау үшін баланы отбасынан, балабақшадан тәрбиелеу керек екендігін айтты. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгіоның алғашқы ұстазы ата-анасы. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.