Тақырыбы: «Өрттен сақ болайық!»
Мақсаты:Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт сөндіру құралдары, суреттер,үйшік,шелек.
Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
-Олай болса, бәріміз экранға назар аударайық. (Видеоролик көрсету)
Сахнада: Үй. Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ үйдің қасына келеді.
Сайқымазақ: Көңілім түсіп тұрғаны. Не бүлдірсем екен(қолындағы сөмкесін сілкілейді де, сіріңкенің дауысын құлағы шалып қалады) О, о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын? (сіріңкені бір - бірден жаға бастайды) Осы кезде шуды естіп қоян үйден шығады.
Қоян: Ой, сайқымазақ, сен мұнда не істеп жүрсің?
Сайқымазақ: Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап. Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарғандай айқалайсың?
Қоян: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда, бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді?
-Балалар өртті сөндіру үшін қандай нөмірге хабарласамыз?
Балалар: «101» нөміріне
Сайқымазақ: Қойшы сен де, бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?
Қоян: "Ойыннан от шығар"деген мақалды естімеген бе едің?
Тәрбиеші: Балалар, өрт сөндірушілер келем дегенше ортаға 3 бала шығып қоян мен сайқымазаққа өрт сөндіруге көмектесейік.
Қоян:(Сіріңке қорабын қолына ұстап)
Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!
Өзі кішкентай болса да,
Бойында алып күші бар.
Сіріңкемен ойнасақ,
Абайсызда өрт шығар,
Соны есте сақтаңдар!
Сайқымазақ: О, мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін. Енді отпен ойнамаспын қандай қауіпті екеніне көзім жетті.
Тәрбиеші:- Сәлеметсіздер ме, сайқымазақ, қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды. Қоян дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек. Ендеше осы ережелермен сендерге өрт сөндіруші түсіндіріп береді.
Өрт сөндіруші:
Бүгін балалар мен сендерге Өрт туралы айтып бермекшімін.
1.Сіріңке мен оттықпен ойнамауымыз керек.
Олар өртке әкеліп соқтыруы мүмкін.
2. Газ плитасына жақындамау керек.
3. Газ плитасы жанып тұрған кезде асханада жалғыз қалмау.
4. Разеткаға жақындама,оған әрбір заттарды тықпа,әйтпесе тоқ ұрады.
5. Аулада от жақпа ол өртке әкеліп соғуы мүмкін.
Тәрбиеші: Біздің балаларымыз ережелерді түсініп,сақтанып жүреді.
Ендеше кішкентай бүлдіршіндеріміздің өлең-шумақтарына кезек берейік.
Арсен:От жақпа күйерсің,
Өртеніпжүрерсің.
Сіріңкеніұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Айша:Кешір,досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата–ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.
Абдурахман:Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Қимылды ойын: «От пен су»
Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».