«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!»
Құрметті педагогтар мен көрермендер!
2023 жылдың қаңтар айынан бастап бөбекжайымызда Этнопедагогикалық бағыт бойынша жұмыс жүргізіп келеміз.
“Өткендi бiлмей, келешектi бiлу мүмкiн емес., Ғабит Мүсiрепов ағамыз айтқандай «Бұрынғының парқын бiлгендер ғана, бүгiнгiнiң парқын ұғады»
Сондықтында педагог, ата-ана арасындағы байланыс пен сабақтастықты арттыру мақсатында өткізгелі отырған «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Қатысушылар 3 топқа бөлініп, әр топ педагог, ата-ана, баладан құралған.
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды таныстырып өтелік.
1-топ «Қыран»,
2-топ «Мирас»,
3-топ «Достық»,
ІІ.Сайыс кезеңдерімен таныстыру: Жүргізуші:
1-кезең : Таныстыру
2- кезең «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп, қорғау.
3- кезең «Сандар сыры» киелі сандарға байланысты тапсырмалар беріледі.
4- кезең «Мақал- сөздің мәйегі» - бұл кезеңде ұсынылған мақалдың алдыңғы бөлігі бойынша, көрсетілген уақыт аралығында мақалдың екінші бөлігін жалғасын табу.
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастамас бұрын, топтарымызға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік. (Әділқазыларды таныстыру).
1.
2.
3.
Сайысымыздың 1-кезеңі, әр топ өздерін таныстырады. Бағалау критерий: шығармашылық, сөйлеу мәнері мазмұны, көрерменге әсер етуі бойынша бағаланады
Жүргізуші:
Мәнге толы қазағымның тірлігі,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы- дей келе,
2-кезеңі: «Салт-дәстүрді білесіз бе?» деп аталады, бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп, қорғау.
Бағалау критерий: - өзектілігі, тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі бойынша бағаланады.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сайысымыздың 3-кезеңі «Сандар сыры» деп аталады. Ұяшықтарды таңдай отырып, сол сандардың қасиеттеріне байланысты әр топқа 4 сұрақтан қойылады.
Бағалау критерий: -шеберлік деңгейі, мәнерлілігі, сапасы бойынша бағаланады.
Тапсырмалар: « 3 » санына байланысты
Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы
Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет
«5 » санына байланысты
Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
«7 » санына байланысты
Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата
Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы
Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық
Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт
Жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Сайысымыздың 4-кезеңі «Мақал- сөздің мәйегі».
Бала тәрбиесі тақырыбына байланысты мақал-мәтелдердің бірінші жартысы слайд арқылы интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады, екінші топ тез жалғасын табу.
Бағалау критерий: -қатысушының көркемдігі,
дұрыс әдеби айтылуы бойынша бағаланады.
1-топқа: 1. Ұлтарақтай болса да
... Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
... Туып өскен ел қымбат.
2. Жақсыны арман оздырар,
... Жаманды құлқын тоздырар.
2-топқа:
Түпкі айылдын батқанын
... Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін
... Ағайын білмес, жат білер.
2. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
3-топқа:
5. Жақсының жақсылығын айт,
... Мейірі тасысын,
Жаманның жамандығын айт,
... Құты қашсын.
6.Әкең барда ел таны, көріп жүріп, Атың барда жер таны, желіп жүріп.
Жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар,- дегендей әділ қазылар шешімін шығарғанша кезек «Елге тілек» әніне беріледі.
Жүргізуші :
Бүгінгі бұл сайыста
Кімдер білгір, кім ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін айтар қазылар,
Өздеріңізге сөз бердік.
Әділ қазылар сайысты қорытындылап, топтарды марапаттайды.
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен, байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен , байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы атты сайысымыз аяқталды.
Назар қойып тыңдап, қатысқандарыңызға көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы! Қош сау болыңыздар.