06.04.2023
Тақырыбы: «Математика әлеміне» саяхат
Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Балалардың қол моторикасын және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеті:
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.
Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
Әдіс-тәсілдер: «Тәй-тәй технологиясы»; «Воскобович технологиясы»ыстық құшақ әдісі; зерттеу әдісі;фонарик әдісі; топтық , жеке жұмыс.
Көрнекілік құралдар: Пішіндер, сандар, суретті тапсырмалар,су, су тамшылатқыш, сиқырлы шарщылар және геоконт тақтайшасы.
Іс–әрекет кезеңдері.
|
Тәрбиешініңіс –әрекеті
|
Балалардың
іс –әрекеті
|
Мативациялық қозғаушы
|
«Психологиялықдайындық»
Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
«Ыстық құшақ» әдісі
Балалар бәріміз күн сияқты дөңгеленіп тұрайықшы.Күнге қолдарыңды созыңдар.
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз.
|
Күн сияқты дөңгеленіп тұрады. Күнге қолдарын созады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
1 аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның нешінші күні?
Ал балалар бүгінгі күндерің сәтті өтсін!
Аптаның сол күніне барып күннің көзін жапсыра қойыңдар.
Кенеттен белгісіз жерден музыка ойнайды.«Алтын сақа» ол асық.
Алтын сақаның ішін ашып көрейік.
Ал бұл қорапша қайдан келгенін білу үшін сыртында тұрған флешкадан видеоны қарайды.Видеода «Балапан» арнасының мультфильм кейіпкерлерінің арнайы қалдырған жазбасын көреді.
Міне,балалар көрдіңдер бүгінгі іс әрекетіміз өте қызықты болғалы тұр. Мұнда мультфильм кейіпкерлері сендерге өздері шеше алмаған тапсырмалар ретін салып жіберіпті.Ал біз оларға тапсырмаларды орындап шешімдерін тауып беретін болсақ бізге сый әкеп берулері мүмкін. Көмек береміз бе?
Ал балалар ғажайып математика әлеміне бару үшін көзімізді жұмып 3 рет айналайық.
Топтарға бөліп алу.
Фонарик әдісі арқылы топқа бөлу.
1 санын алғандар, 1-ші топ.
2 санын алған балалар 2-ші топ болады.
Ендеше қандай тапсырмалар екенін көрейік. (асықтың суретіне жазылған тапсырмалар)
1 тапсырма
1-ші топ тура санайды.
2-ші топ кері санап шығады.
1-ші топ«Санды дұрыс орналастыр»
Қыстырғыштар арқылы заттардың санына байланысты сандарды қыстырып шығу.(жеке жұмыс)
2-ші топ Сандарға байланысты түрлі –түсті моншақ тізіп шығады.(жеке жұмыс)
2-тапсырма
1-ші топ «Жасырынған санды тап» Тамшылатқышты пайдаланып жасырынған санды табады.(зерттеу әдісі)
2-ші топ Дәндердің астына жасырынған сандарды табады. Балаларға сандардың қалай орналасқанын мұқият қарауды тапсыру.(топтық жұмыс)
Бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар балалар.
Сергіту сәті
«Нейрожаттығу» (музыка ойналады)
3- тапсырма
Ойын: «Воскобовичтің сиқырлы шаршысы мен геоконт тақтайшасы» (жеке жұмыс)
4 тапсырма
Ойнайықта ойлайық
Есептер шығару.
Әр балада әр түрлі есеп болады. Бос ұяшықты бояу арқылы есептің мәнін шығару керек. Май шаммен алдын ала жазылып қойылады.
Балалар сендер тапсырмаларды керемет орындадыңдар. Алтын сақа мен ертегі кейіпкелері сендерге алғыс айтуда. Кереметсіңдер балақайлар!
Ал енді өзіміздің балабақшамызға кететін уақытта болды. Кәне көзімізді жұмып 3 рет айналайық.
|
1 аптада 7 күн бар.
Бүгін аптаның 5 күні жұма.
Жұма күнге барып күннің көзін жапсырады.
Әрине көмектесеміз.
1-ші топ тура санайды.
2-ші топ кері санап шығады.
Алдарындағы асықтарға жазылған сандарды пайдаланады.
Сандармен жұмыс жасайды.
Санау
Жасырынған сандарды табады.
Балалар музыка ырғағымен нейрожаттығу жасайды.
Тапсырмаларды орындайды
|
Қорытындылау
|
Балалар сендерге бүгінгі іс –әрекетіміз ұнады ма?
Қандай тапсырмалар ұнады?
|
Балалар алған әсерлерімен бөліседі.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Сандарды тура және кері санауды және геометриялық фигуралардың атауларын біледі .
Түсінеді :10 көлеміндегі сандарды қосуды және азайтуды.
Орындай алады : Өз ойларын толық жеткізе алады, сандарды санауды , пішіндердің аттарын толық айта алады .