Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі «Макинск қаласы, Балдырған» бөбекжайында «Инновациялық технологияларды мектепалды жастағы балалардың ойлауын дамыту құралы ретінде қолдану» атты облыстық семинар –практикум өткізілді. Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Майбах А.Э қатысып семинарды ашты. Іс-шараға облыс, аудандардағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мекемесінің әдіскерлері мен балабақша меңгерушілері қатысты. Семинарға бөбекжайымыздың педагогтері қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасты. Педагогтеріміз «Құлагер» мектепалды тобының тәрбиешісі Кожабергенова Бакытгуль Ердаулетовна математика негіздерінен «Математика әлеміне саяхат», дене шынықтыру нұсқаушысы Сагиндыков Нариман Каиркелдыевич һауызда «Кеудемен, арқамен жатып жүзу» тақырыбында ашық оқу іс-әрекеттерін өткізді. Дене шынықтыру нұсқаушысы Сагиндыков Медет Каиргелдыевич этнопедагогика кабинетінде ұлттық «Тоғыз құмалақ» ойынынан шебер сынып көрсетіп, логопед Жаксалыкова Анар Сабитовна «Мектепке дейінгі балалардың тіл мүкістігін жоюға арналған жаттығулар» жұмыс тәжірибесіне презентация жасады. Ата-аналармен балабақша арасындағы сабақтастықты арттыру мақсатында ата-аналармен «Ата-баба дәстүрі –ұрпаққа аманат» тақырыбында әдіскер Шакиева Жазира Ондасыновна сайыс ұйымдастырды. Әдіскер Нургалиева Зейни Куттыбековна мен Бекбаева Зауреш Досумовна «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру шарттары ретінде инновациялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында қысқы бақта қонақтармен пікір талас жүргізді. Семинар қорытындысы бойынша білім басқармасының бас маманы Андрей Эдвардович Майбах облыстық семинарға қатысқан педагогтерге Грамоталар табыс етті.