«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды тобының "Наурыз – берекем, наурыз - мерекем "атты тәрбие сағаты.

17.03.2023

Тақырыбы: « Наурыз – берекем, наурыз - мерекем »
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Балалардың тілін, мәнерлеп тақпақ айтып, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды  елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
 Жүргізуші:  қадірлі қонақтар, қымбатты ата-аналар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген  халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
    «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
Балалардың жыр шашуына қабыл алыңыздар!
Айым: Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
Рукайя: Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!
Раяна: Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.

 Шұғыла: Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз жырлағандай «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:

Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық.
Ендігі тамашалайтындарыңыз, би «Балбырауын» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:

Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
       Наурыз күні атқа мінген жігіттер елді аралап жарапазан айтқан. Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларға адамдар бауырсақ, құрт, ірімшік, ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал таққан.

Жүргізуші: Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа

 Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Жүргізуші: Наурыз тойдың межесі
Әжелердің көжесі
Қане, ішіп қойыңыз... (Қонақтарға көже үлестіру)
 Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
Қадірменді халайық, ендігі тамашалайтындарыңыз «Қара жорға» биі.
Қазақтың ұлттық ойындары: «Аударыспақ» , «Теңге алу», «Қол күресі», «Асық ату» ойындарын жүргізу.

Жүргізуші: Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Ендеше, тойшы қауым, бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз батасын жасы үлкен ата-әжелерімізден сұраймыз.

Наурыз бата:
Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Ұлыс халқым тоқ болсын!

Уайым қайғы жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!
Жүргізуші:

Қадірменді халайық, Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.
«Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!!
Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар...

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст