«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ботақан" ортаңғы тобының «Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір шуағы»атты ертеңгілігі.

09.03.2023

Тақырыбы: «Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір шуағы»

Кейіпкерлер:

Жүргізуші

Балақай

Ара    

Әже

                Жүргізуші:Аяулы аналар,ардақты әжелер, сүйкімді қыздар барша қонақтар сіздерді «Ботақан » тобының бүлдіршіндері   8-наурыз  аналар мересімен  құттықтайды! Ия балалар көктемнің алғашқа күнінен бастап, әлемдегі барлық тіршілік иелері өзгеріске ұшырап табиғатымыз құлпырып , күніміз ана мейріміндей жылуын  шышып ,бар әлем ғажап күйге енеді. Осы ғажап дүниемен бірге аналар мен әжелер, қыздар мерекесін де келіп жетті. Ендеше бүлдіршіндерді қошеметпен  қарсы алайық.

( Әсем әуенмен балалардың  қолдарына  шарлар ұстап әдемі әуенмен билеп залға кіреді.)

 

                Жүргізуші:

                                 Армысыздар  аяулы аналар!

                                 Армысыздар мейірімді әжелер!

                                 Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
                                 Ана десем  сезім билер тым ыстық,
                                 Жарасады адамдарға туыстық.
                                 Бар адамға берсе ананың мейірімін,
                                 Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ән: «Аяулы анашым»

 

                                          (Балалар орындарына жайғасады)

Жүргізуші: Балалар міне көптен күткен көктем де келіп жетті, көктемде күн жылып, ағаштар бүршік атып, күн шуағын шашып мейірмге толы аналар  мерекесін де ала келді. Біз аналарымызға арнап сыйлықтар әзірлеп оларды қуантуға тырысамыз.

                                     (Әуен ойналады залға Балақай көңілсіз кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсің бе балақай сен неге көңілсізсің ?

Балақай: Аяулы аналар мен ардақты әжелердің  мерекелері де жақындап қалды,  ал мен болсам өз анама қандай сыйлық аларымды білмей басым қатты.

Жүргізуші: Балақай сен уайымдама, анаңа қандай сыйлық беруге болатынын ойланып көрелік.

Ардақты әжелерім,ардақты аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

 

 

 

Құттықтайды сіздерді балаларың -дей келе балалрыңыздың жыр шумақтарын тамашалаңыздар.

Ортаға

 

 

Тақпақтар:

                       (әуенмен Әже келеді , қолында үлкен ауыр сөмкесі бар)

Балақай: Сәлеметсізбе әже  мен сізге көмектесейін.

Әже: Рахмет балақай  сен өте мейірімді, ақылды, атына көркін сай  бала екенсің

Балақай: Мені қайдан танисыз әже?

Әже:  Мен сені ғана емес , сенің анана сыйлық іздеп шыққаныңды да жақсы білемін. Мен  саған көмкетесе аламын , міне қарашы мынау сыйқырлы гүл ол саған көмектеседі.

Балақай: Рахмет әже  қандай әдемі гүл барлық  күлтешелері әртүрлі - түстес екен  мен бұндайды ешқашан көрмеппін (айналып қарайды)

Әже: Балақай сен осы гүлдерге сыйқырлы сөздер айтсан бұл гүлдер сені шеше алмай жүрген сұрақтарына жауап береді.

Күлтешелер ұшыр-ұшыр  

шығысқа да батысқада 

Онтүстікпен, сол түстікке – ал енді мен кетейін сау бол!

(Залдың ортасына келіп күлімдеп  әже ақырын шығып кетеді)

Балақай: Ендеше мен осы сыйқырлы гүлдерден анама не сыйларымды сұрайын

Сыйқырлы гүлдер ұшыр-ұшыр  

шығысқа да батысқада 

Онтүстікпен сол түстікке

 

                                              (Бейне жазба арқылы гүл сөйлету)

Гүл: Сәлем достар! Балақай анана қандай сыйлық сыйлайтынымызды  ертегі еліндегі достарымыздан сұрайық. Көздерінді  жұмып 1,2,3 ке  дейін санандар. Балалар мен ешқандай сыйлық көріп тұрған жоқпын№ Кәне қайта санап көрейік.

Әуен ойналады зарға Ара  кіреді

 ( Араның қолында бір тостаған балы бар)

Балақай:  Сәлеметсіндер ме!  достарым сендер қайда бара жатырсындар?

Ара: Сәлеметсін бе қалай  қайда?  анама сыйлық апара жатырмын мына бір тостақ балды.

Балақай:  Ара онда мағанда айтшы  менде анама сыйлық іздеп шықтым қандай сыйлық алсам дұрыс болады ?

Ара: Ең  жақсы сыйлық аналар үшін   тәтті бал,гүл және анаңа арналған мейірімді сөздер, кәне балалар сендер әжелеріңмен аналарыңның аттарын білесіңдер ме?

(Балалар әжелерімен аналарының есімдерін атап айтып шығады.)

Ара:Өте жақсы балалар,сендер әжелеріңмен,аналарыңның есімдерін жақсы біледі екенсіңдер.Мен құр – қол келген жоқпын,сендерге ойын ала келдім.Менімен ойын ойнағыларын келеме?

Ойын: «       »

 

Шарты:

Балақай: Рахмет достар мейірімді сөз айтып,ақыл қосқандарыңызға. Сау болындар

 Ара:Балалар меніңде кететін уақытым болды,қош сау болыңдар.

Жүргізуші:

Мың бұралып би билеп,

Әнде салып береміз.

Осылайша шаттықпен,

Біздер өсіп келеміз

Би «Көбелектер »

Жүргізуші:

Ана деген -  асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадірлей біл ананы.

Жат қылыққа ақыл ойды тоңалтпай.

Ендігі кезекте балаларыңыздың жыр-шумақтарына берейік.

Тақпақтар:

 «Жақсы көрем» әнімен ортаға:Раяна,Қобыланды,Айлин,Сезімді шақырамыз.

Ата-аналармен ойын: «Кім жылдам»

Шарты:Стакандарды шармен үрлеу арқылы бір-бірінің үстіне жинап қою.Ж

Би: « Жүректер » (ұлдар)

Жүргізуші:

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім ? балалар

Балалар:Ана,ана,ана

Жүргізуші: Әрине,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақтар.

 

Жүргізуші:Осы ардақты аналарымызға Медина,Жанелия,Даяна қыздарыңыздың орындауында «Ерке қыз»әнің тамашалаңыздар.

 Жүргізуші:Өмірдегі ең асыл жан-Ана.Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық.Еш уақытта реңжітпейік.Аналарымызға балалардың өз қолымен жасалған сыйлықтарын табыс етеді.

Ән: «Ай дидарлы анашым!»

Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Жүргізуші: Міне ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, қызғалдақтай      құлпырған қыздар міне біздің сіздерге арнап әзірлеген ертеңгілігіміз  өз      мәресін келіп жетті.                                                                                                      

 Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

 Әжені де ардақтап

 Әдеппен бас иеміз. Дей отыра сіздерге  Көктемдей көтерінкі көңіл, күннің шуағындай мейрім, отбасылырынызға қуаныш пен шаттық, деңдерінізге саулық , балаларыныздың езуінен күлкі кетпесін дегіміз келеді.

 

 

 

Просмотров: 170


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст