Тақырыбы: «Аналар – асыл қазынам!»
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал – жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, бесік, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Ертеңгіліктің барысы
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.
Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана, Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Балалар кіреді. «Ауыртпа Алла анамды!» әнімен кіреді.
Жүргізуші:
Армысыздар аяулы аналар! Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!
Сұлу қыздар сендердің де мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Ана жаным »
Жүргізуші: Балалар, аналарымыздың мерекесі бекер көктем айында емес.Себебі, көктем келіп, күннің шуағы бізге қалай жылуын сыйласа, аналарымызда күн сияқты өздерінің жылуымен балаларын аймалайды. Ендеше көктемді қарсы алайық.
Көктем келеді.
Жүргізуші: Олай болса, балалар көктемге арнап жаттаған тақпақтарымыз бен әндерімізді айтып берейік.
Жүргізуші:
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі-дегендей балалардың әдемі өлең шумақтарына кезек берейік.
Тақпақтар: Ортаға Гүлдара, Дидар, Сымбат ,Сағынтай, Меруерт, Жұма Али шығады.
Гүлдара: Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансың жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл қызың.
Дидар: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Сымбат: Сыйлайыншы гүліңді,
Теріп алған даладан.
Мерекеңіз бүгінгі,
Құтты болсын ана жан.
Сағынтай: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Меруерт: Ардақты ана-аяулы ана қыматтым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың- аясындай гүл бақтың.
Жұма Али: Түн ұйқысын төрт бөліп,
Әлдилеген анашым,
Алтыннанда қымбатсың
Ақ сүт берген анашым.
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Алғыс» орындайтын Меруерт,Гүлдара.
Жүргізуші:
Ана біздің Күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Би билейік бүгін біз- деп, келесі кезекті қыздарымыздың орындауында биіне берелік.
Би: «Лента »
Көктем қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар біздің әкеміздің анасы сендерге кім болып келеді? Ал анамыздың анасы ше?
Балалар: Әже
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Жүргізуші:
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Әжелерге айтар лебізі.-дей отыра Наргиз, Б Нурислам, Жансая, Маликаның орындауында Әжетайым әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Әжетайым»
Жүргізуші: Балалар біз анамыздың айтқанын тыңдап, ұқыпты болуымыз керек. Қанекей балалар ортаға шығып ойын ойнайық.
Ойын: «Шаңсорғыш»
Жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған. дегендей балалардың өлең шумақтарына кезек берейік.
Тақпақтар: Б Нурислам, Инара, Наргиз, Ж Нурислам, Малика, Мансур, Айқын шығады.
Б Нурислам: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем,
Анам үшін мен үшін.
Нағыз ана тілі өжем.
Инара: Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым
Ж Нурислам: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Малика: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Мансур: Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін.
Айқын: Ақ сүт берген балаңа
Күш жігерін жұмсаған.
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған.
Жүргізуші:
Ана деген - асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан
Ән: «Ана туралы попури»
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер дегендей балаларыңыз сіздерге арнап би билеп береді.
Би: «Дискотека»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.
Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді.
Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар: Ортаға Жансая, Мадина, Тамерлан, Альимран, Сара, М Темерлан, Жанерке, Лиза шығады.
Жансая: Мен өзіңмен қайда болсам да біремін,
Махабатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай –жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Мадина:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.
Тамерлан: Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Альимран:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
М.Темерлан:
Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді.
Қызығымды әлі әже
Жанерке:
Аспандағы аймысың,
Бақытыма балаған.
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Лиза: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Жүргізуші:
Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы- ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған, сұлулықтың әлемі.
Ән: «Қыздар-ай» ұлдардың әні
Жүргізуші: Ендігі кезегімізді ата-аналарымызға берейік
Ойын: «Кім жылдам?» (ата-аналармен ойын)
Жүргізуші:Ұлдарымыздың қыздарға деген құрметтері әлі таусылмапты Олай болса сұлу қыз бимен балаларды ортаға шақырайық.
Би: «Сұлу қыз»
Жүргізуші:
Ана шырақ ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш әріпке бағынған дегендей анамыздың әлдиі әлі күнге дейін құлағымызда тұрады. Сол әлдиді күнгде естігіміз келе береді.
Би: «Әлди-әлди»
Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Ән: «Ауырмашы анашым»
Балалар аналарының сыйлықтарын алғанша монолог оқу.
Ана шырақ ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш әріпке бағынған.
Аман болса ана деген ардағым,
Күндей болып нұрланады жан-жағым.
Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,
Ана ғана көтереді салмағын.
Ана-деген жылағанда жұбатқан,
Ана-мөлдір жаралғандай бұлақтан.
Қорған болып аймаласа перзентің,
Тәңірінен амандығын сұратқан.
Жүргізуші:
Анаң болса жүзіп өтер кемең бар,
Анаң болса қартаймайсын деген бар.
Тірі кезде қадірлесең анаңды,
Шын өкініш жауламайды санаңды.
Ұзақ өмір жасай берсін аналар,
Аналарды қаділесін балалар.
Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,
Аман болсын ақ жаулықты аналар.
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына деген сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар – асыл қазынам!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!