Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру,ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Барысы:
Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген. Көңілді әуен қосылып,
балалар билеп кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақтай құлпырған қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі.
Жүргізуші:
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те күйшідеп те айт оны
Күлімдеген көктемге ана жайлы
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді
Хор: «Ана туралы әндерден поппури»
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші:
Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем:
Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.
Би: Гүлдер
Жүргізуші: Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлем бағдарламасында қонақта болған еді. Енді кезекті сол бағдарламаға берейік.
(Эфирде жүргізуші отырады.)
Жүргізуші: армысыздар құрметті теле көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Сазды сәлем» бағдарламасы. Бүгін біздің студиямызда Макинск қаласындағы «Балдырған» бөбекжайының «Мирас» мектепалды тобының бүлдіршіндері қонақта. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймыз.
Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 8716-46-2-30-35
Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.
Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.
Балалар тақпақ айтады.
1 топ: Рукайя, Б.Ерасыл, Шұғыла, Әділжан, Дария, Ахмедияр, Мансур шақырамыз.
Рукайя:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Б.Ерасыл :
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Шұғыла:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Әділжан:
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Дария:
Бәрімізге анасың, —
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Ахмедияр:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Мансур:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Жүргізуші:
(Қоғырау соғылады)
- Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық! Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Мәдина. Мен әжемді меркесімен құттықтаймын.
----Әжеңе қандай тілек айтасың? Әжеме тақпақ айтып беремін. Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен.
Сау болыңыздар!
2 топ тақпақ: Ажара, Даяна, Раяна
Ажара:
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп. Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Даяна:
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Раяна:
Әрбір сөзің өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем.
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» – деп, бекерге айтылмаған ғой. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып Раяна,Даяна, Ажара, Айым қыздарыңыздың орындауындағы «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен –сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген, Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір бейнебаянмен жалғастырамыз.
Алпамыстың сұрауы бойынша асыл аналарымызға арналған
Хор: «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Анам менің жасыл бағым жайнаған,
Біз бағында асыр салып ойнаған.
Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,
Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.
Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!
3 топ тақпақтар:А.Аиша, Нурали, Ақкенже, А.Ерасыл, С.Аиша,Төрехан
А.Аиша:
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым
Нурали:
Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ақкенже:
Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
А.Ерасыл:
Ана — көркі көгімнің
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
С.Аиша:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Төрехан:
Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Жүргізуші:
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» демекші, 8 наурыз –қыздарымыздың да мерекесі.
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген, ізгі салтын.
Ән: Жігіттер: «Қыздар-ай» әнін шырқайды.
Ойын: «Дәмді тағам»
Шарты: Қағаз кесектері жіпке ілулі тұрады, оларда әртүрлі өнімдердің атаулары жазылған (бір-біріне мүмкіндігінше сәйкес емес - мысалы, бір физалиске, екіншісіне - майшабаққа, үшіншісіне - бауырсақтарға және т.б. қосулы). Әрбір ананың көзін кезекпен байлап, бұрап, босатады - ол арқанға жетіп, үш қағазды кесіп тастауы керек. Содан кейін, таңғышты алып тастағаннан кейін, анасы тез арада ойлап тауып, осы өнімдерден қандай тағам дайындауға болатынын және оны қалай атайтынын айтуы керек.
Жүргізуші:
«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Айнур «Балдырған» бөбекжайының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның басшысы Райхан Зейнуллақызы мен және балабақша ұжымын, барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар, олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасаң еңбек жасап жүрген ұстаздардың дендері сау болсын , бастарына бақ қонсын, ұстаздық деген ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегіміз келеді.
Музыкалық сәлем ретінде тамаша бір би жолдасаңыздар екен.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Осындай ұжымның құрметіне тамаша биімізді қабыл алыңыздар.
Би: «Жастықтар»
Жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанде ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Жүргізуші: сөз кезегін көрермендер залында отырған ата-аналарға сөз беріледі.
Жүргізуші:
Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.
Ән: «Алғыс»
Жүргізуші:
Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Мерекеңмен қасетті аналар.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен
әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлін қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз,
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз !
Хор: «Мама»