«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті. Тақырыбы: «Дала жануарлары»

15.01.2020

Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу (шырша)

Тақырыбы: «Дала жануарлары»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың дала жануарлары туралы білімдерін нығайту.

 Дамытушылық: Қыс мезгілі, дала жануарлары туралы, геометриялық пішіндер, түстер туралы білімдерін толық дамыту.

 Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге және ондағы жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қысқы орман, шырша, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Үлестірмелі материал: әр балаға үлестірмелі шырша, шүберектер.

Қостілділік компонент: қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, түлкі-лиса.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациық – қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Амансың ба алтын күн?

Амансың ба жер ана.

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуандым.
Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

•    Қане балалар, есімізге түсірейікші, қазір жылдың қай мезгілі?

•    Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Біз қыста қалай киінеміз?

 

Жерде не жатыр?



•    Қыста біз не істейміз далада?


 

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды.

 

 

-Қыс мезгілі

 

 

-Қыста дала суық болады, біз жылы киімдермізді киеміз.

-Қар

 

 

-Аққала жасап, шаңғы теуіп, жылы киімдерімізді киеміз.

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

1.Балалар мен сендермен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бірнеше жұмбақтар жасырғым келіп тұр. Егер сендер дұрыс тапсаңдар  экранда оның бейнесі көрінетін болады.

2. Көзі қыли, қорыққан сайын секіреді ылғи. Бұл қандай жануар екен?

 - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады?

- Жолды талдап жүреді, етті жақсы көреді?

- Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу?

- Жарайсыңдар балалар сендер жабайы аңдарды өте жақсы біледі екенсіңдер, енді бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы жабайы дала жануарлары туралы болмақшы. Ал сендер осы аңдарды өз көздеріңмен көргілерің келеме?

Ендеше орманға саяхат жасап қайтайық. Орманға кетпес бұрын балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Балалар аю қазір орманда не істеп жатыр деп ойлайсыңдар?

-Иә аю қыста тәтті ұйқыға кетіп, көктем келе оянады иә. Ал ол не жегенді жақсы көреді?

-Дұрыс ендеше Меруерт сен сөмкеңе осы балды салып ал аюдың апанын көріп қалсақ қойып кетеміз, көктемде аю оянғанда балды көріп қатты қуанатын болады.

-Балалар қараңдаршы мында бір аңның ізі жатыр, бұл қандай аң болды екен, ендеше осы ізбен жүре берейік, қандай аңдарға жолықтырар екен.

Қоян: Ой балалар сендер мында не істеп жүрсіңдер?

Ақ қоян саған не болған, көңілсізсің ғой? Біз орманда саяхат жасап аңдарды бақылап жүрміз.

Қоян: Менің үйімді қасқыр бұзып кетті, мен сондықтан қатты суықтан тоңып тұрмын. Балалар сендер маған көмектесесіңдерме?

Т: Ал балалар ендеше қоянға мына пішіндерден үй тұрғызып берейік. Балалар мынау қандай пішін, мынау ше?

Қоян: Алақай, алақай, сендерге көп рахмет, енді қыста тоңбайтын бодым. Рахмет сендерге жолдарың болсын

Т: Балалар қоян орысша қалай атайыз?

Т: Балалар қараңдаршы мынау ненің апаны?

Аюға өзіміздің алып келген балымызды қойып кетейік, көктемде балады көріп қуанып қалар.

Аюды, балды орысша не деп атаймыз балалар?

Қасқыр: Сәлеметсіңдерме балалар?

Т: Балалар бұл қандай аң?

Қасқыр: Балалар мен не жегенді жақсы көрем?

Қасқыр: Дұрыс айтасыңдар, мен үй жануарларын жегім келіп тұр.Және сендерді де жегім келіп тұр. Осы тұрғанда қарным аш.

Т: Қасқыр бізді де, үй жануарларын да жемеші.

Қасқыр: Ендеше сендер менің тапсырмамды орындап берулерің керек. Мына жерде көптеген бүршіктер жатыр, ол менің жүруіме кедегі жсайды. Сендер соны жарыс ойнап, мына екі себетке жинап беріңдер.

Т: Әрине қасқыр, біз сізге қазір барлығын жинап береміз.

Қасқыр: Рахмет балалар, сендер өте жылдам, әрі тез арада жинадыңдар. Енді мен сендерді де, үй жанауарларын да жемейтін боламын.Сау болыңдар балалар!

Т: Балалар қасқырды орысша не деп атаймыз?

Т:Балалар мына келе жатқан аң қандай аң болды екен?

Түлкі:Сәлеметсіңдерме балалар? Қандай әдемісіңдер, сендер орманда келе жатып, қандай аңдарға жолықтыңдар атап беріңдерші.

Түлкі: Ендеше осы аңдарға байланысты тіл жаттығуларын орындап жіберейік, менің артымнан қайталап отырыңдар келістікпе?

Ян-ян-ян-секіреді қоян.

Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю.

Ыр-ыр-ыр- бұл құбжық қасқыр.

Кі-кі-кі-бұл қу түлкі.

Түлкі: Жарайсыңдар балалар. Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Сау болыңдар балалар!

Т: Балалар түскі ас уақыт болып қалыпты, тобымызға қайтайық. Кетпес бұрын орманда таза ауамен бір сергіп алайық.

Т: Балалар түлкіні орысша не деп атаймыз.

Сергіту сәті.

Көлбең  көлбең көбелең қоян қалай жүреді?

Көлбең көлбең көбелең аю қалай жүреді?

Көлбең көлбең көбелең қасқыр қалай жүреді?

Көлбең көлбең көбелең түлкі қалай жүреді?

Т: Ал балалар тобымызға келдік. Енді екі орталыққа бөлініп, соңғы тапсырмамызды орындайық. Қызыл түс алған топ шыршаны бастыру әдісімен салады, ал көк түс алған топ менімен шүберектен әр түрлі пішіндер жасайды.

Балалар енді бұл шүберектен қоянның бейнесін жасайық, оған мына түрлі түсті шаш буғыштарды байлап қояннның құлағын жасайық.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

  • Қоян

 

  • Аю

 

  • Қасқыр

 

  • Түлкі

 

 

 

 

-Иә көргіміз келеді.

 

 

 

 

-Аю қыста ұйықтап жатыр.

 

 -Балды жегенді жақсы көреді.

 

 

 

 

 

-Қасқырдың ізі.

 

 

 

-Сәлеметсізбе Ақ қоян?

 

 

 

 

-Иә әрине көмектесеміз.

 

-Төртбұрыш, үшбұрыш.

 

 

 

 

-Зайец.

 

-Аюдың апаны.

 

 

 

 

Аю-медведь, бал-медь.

 

-Сәлеметсізбе

-Қасқыр.

-Етті жегенді.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жақсы, жинап береміз.

 

 

 

 

 

 

 

-Рахмет саған қасқыр, сау болыңыз!

 

 

Қасқыр-волк.

 

Бұл қу түлкі.

 

-Сәлеметсізбе?

 

-Қоянға, аюдың апанына. Қасқырға жолықтық.

 

-Жақсы, әрине.

 

 

-Балалар қайталайды.

 

 

 

-Сау болыңыз!

 

 

 

 

 

-Түлкі-лиса.

 

-Балалар тәрбиешінің іс әрекетін қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық - түзетушілік

 

-Балалар бүгін қайда саяхатқа бардық? Орманнан қандай аңдарды көрдік? Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімзді жақсы меңгердіңдер деп ойлаймыз. Енді қонаққа келген апайларымызбен қоштасып алайық.

 

-Орманға бардық.

 

-Қоянды, аюдың апанын, қасқарды, түлкіні көрдік.

 

 

 

-Сау болыңыздар!

 

           

 

Күтілетін нәтиже:

біледі:  жыл мезгілін, аңдардың аттарын, түстер мен пішіндерді.

игереді: ұжыммен жұмыс  жасауды, жылдам қозғалуды.

меңгереді: аңдардың тіршілігін, аттарын.

Тәрбиеші: Азатбек .С

 

 

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст