«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еркетай» ересек тобының «Бас иеміз анаға» атты ертеңгілігі.

03.03.2023

Мақсаты: .8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру, мерекелік көңіл-күйін құру 
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу.

 

Жүргізуші: «Бар жақсылық күллі әлемге тараған, Аналардың ақ нұрынан жаралған» - дей отырып, қадірлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген Халықаралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарылы болсын.

 

     Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

                                            Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

                                            Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Бүгінгі 8 наурыз «Бас иеміз анаға» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!«Еркетай» тобының балаларың қарсы алайық!!!

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары,

                    Өмірімнің бастау алар ажары.

                    Ана деген тіршілікке пана боп,

                    Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегін «Балдырған» мектеп-балабақшасының директоры Ақпентаева Райхан Зейнұлақызына беріледі.

Жүргізуші:

Анажан, мені әлпештеп аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың,

Анажан, өзіңсің ғой сүйенішім

Анажан, өзіңсін ғой саябағым.

Балалардың орындауында «Аналар күні» інің қабыл алыңыздар.

Хор: «Аналар күні»

Жүргізуші:      Мерекеге арналады бүгін билер ,

                       Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер

                       Алдарыңызға қазір қыздар биі

                       Қол соғып демеу берер көрермендер.

Ал енді қыздарымыздың  «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.

Би:«Қуыршақтар».

Жүргізуші:- Балалар жарайсыңдар. Бүкіл әлемді гүлге орап, ән мен жырға орап - көктем келе жатыр екен. Ендеше ару көктемді қарсы алайық.

(Ортаға музыка әуенімен Көктем аруы келеді)

Көктем:-Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіңдер ме құрметті ата — аналар. Сай саланы гүлге орап, келіп жеткен, мен көктем аруы боламын. Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші:- Сәлеметсің бе көктем. Қош келдіңіз, төрге шығыңыз, біз де өте қуаныштымыз.
Көктем:-Балалар, құлпырып көктем келгенде тойланатын алғашқы мереке, қандай мереке ол?
Балалар:- 8 -наурыз, халықаралық әйелдер мерекесі.
Көктем:-Дұрыс айтасыңдар, балалар ендеше мен сендердің аналарымен бір ойын ойнасам қалай қарайсыңдар.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Маған ортаға төрт, төрттен ата аналар керек. Осы ойында қызыңыздың шаштарын қалай өресіздер.

Жүргізуші:

Ей адамзат ойы толып ержеткен
Анаңды ұмытпа бесігіңді тербеткен
Ана деген аяулыда,асыл жанғой
Қөңіл жоқта қөңіліңді сергеткен-дей отырыпсіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Балалардың тақпақтары:

Ортаға:Айсана, Асмира, Ансар, Назым,Меруерт, Мадина, Аққу, Айзере Н.

Айсана:

Анам, анам, анашым,

Қамқорымсың, панасың.

Жүрегімде мәңгілік,

Мейірім боп қаласың.

Сені мәңгі сүйемін,

Алдыңда бас иемін.

Кетсем дағы алыстап,

Аңсауменен жүремін.

Асмира

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Ансар:

Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Бақшадан үйге келгенімде

Бал сөзі «Жаным» деген сая маған

Назым:

Түн ұйқысын төрт бөліп

Әлпештеген анашым

Жақсы болсам асырып

Жаман болсам жасырып

Қамқор болған анашым

Меруерт:

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Мадина:

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз.

Аққу:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Айзере Н:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

 

Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.- деп, ару қыздарымыздың орындауында «Анашым қартаймашы » әнің қабыл алыңыздар.

Ортаға: Аиша, Мадина, Назым, Айзере, Нұрсұлу, Меруерт,

Ән: «Анашым қартаймашы»қыздар хоры

(Қызыл телпек келеді)

Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер.
Жүргізуші: Салеметсіз бе Қызыл телпек,
Қызыл телпек: Балалар мен әжемнің үйіне қонаққа бара жатырмын.?
Менің әжемнің үй алыста, ал мен орманда адасып  қалдым, осында музыканы естіп жүгіріп келдім. Орманда осы жерде сиқырлы қорапшаның   таптым,   қаңдай заттар бар екенін табу керек. Көмектесесіңдер ме? 

Балалар: ия:

Ойын: Балалар мен ойын ,сиқырлы қорапшаның ішінде қандай зат бар екенін  табасыңдар.

 

Қызыл телпек:-Жақсы балалар сендер кандай ақылдысындар.

Жүргізуші:Қызыл телпек, біздің бабаларымыздың басқа да өнерлері бар.

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады,аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті-ананы-дей отырып, аяулы аналар, әжелер сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпақтары:

Ортаға:Райана, Аиша, Нурсулу,  Әділхан, Әмина Д. Таир, Айзере Қ. Айлин, Амина Ж.

Райана:

Қайырымды,қасиетті.
Ең ардақты, ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман-есен жүріңізші,
Бар тілегім сол, Әже.

Аиша:

Анам анам ақ анам

Мен өзіндей ақ балан

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанда барамын

Нурсулу:

Біз деп соғып жүрегі,

Күндей күліп жүреді.

Мені жақсы көреді

Бар тәттісін береді.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

 

Әділхан:

Баланың да тірегі
Дананың да тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

    Әмина Д:

Әжем менің асыл адам, қымбатты,

Мен үшін жоқ ондай сұлу, сымбатты.

Күнде өбектеп, құрақ ұшып аймалап,

Талай ұзақ жыр-дастанды тыңдатты.

Мен әжемді өте жақсы көремін,

Жұмсаса егер, айтқанына көнемін.

Екеуіміз үйде қалсақ оңаша,

Өлең айтып, би де билеп беремін.

Таир:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ай әжем

Айзере Қ:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз аналар

Айлин

Анашым-менің тірегім,

Анашым-менің жүрегім.

Бар адамдардың ішінен

Анамды жақсы көремін.

Жасмин:

Таусылмайды өлеңі 
Күнде айтып береді 
Барған сайын бір жаққа 
Кәмпит алып келеді 
Әжем менің өйткені 
Өте жақсы көреді

Амина Ж.:

Құтты болсын ақ ана

Сегізінші науырызың

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл – қызың.

Жүргізуші:Әжелерім мерекеңіз құтты болсын,

                      Жанұяңызға тек қана шаттық толсын.

                      Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,

                      Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!

«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Ардақты да қадірлі, асыл әжелерімізге Айсана, Әмина Д., Асмираның орындауында «Ата-Әже»әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Ата-әже»

Көктем:Балалар сендер мені өте жақсы қарсы алдындар, менің уақытым келіп қалды. Бірақ  мен  енді әркез  сендермен  бірге  боламын! Сау болыңыздар!

(Көктем кетті)

Қызыл телпек: Ата аналар сіздермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ортаға төрт ата ана келе қойыңыздар. Ойын: «Стақанға үрлеу және картоп ашу»

Жүргізуші: Рахмет аналар!

Жүргізуші:Шалқып тасып әніміз,

                     Жадырасын жанымыз.

                     Аналарды құттықтап,

                     Би билейміз бәріміз - деп енді балаларымыздың тағы бір сіздергі арналған сыйлығы бар екен, ортаға шақырайық.

Би:«Сағаттар».

Қызыл телпек: Жақсы балалар сендер кандай ақылдысыңдар, ендеше мен әжемнің үйіне барайын, сау болындар!

(Қызыл телпек кетеді)

Жүргізуші:Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
  Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
  Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті балалардың орындауындааналарға арналған «Сәби тілегі!» әнің қарсы алыңыздар.

Ортаға: Ансар, Амина Ж. Райана, Әділханды қошеметпен шақырайық

Ән: «Сәби тілегі!».

Жүргізуші:Балалар, қалай ойлайсыңдар ең асыл жан кім? - Анамыз
Қызығыңда, бұзығыңда көтеретін кім? Анамыз
Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? Анамыз
Сонымен бүгін қандай мереке? Аналар мерекесі.

Олай болса орнымыздан тұрып аналарымызға арнап ән айтайық.

-Алдарыңызға балалардың орындауында «Анажаным» әнің қабыл алыңыздар.

Хор:«Анажаным».

Жүргізуші:Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым.

Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені,бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе?Олай болса, әр балалардың өзі дайындаған аналарына сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкілі халық!
Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.

Ән:«Аналардың тілегі»

Осымен бүгінгі «Анаға бас иеміз» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен

 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст