«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ботақан» ортаңғы тобының «Пішіндер» тақырыбындағы оқу іс-әрекеті.

14.02.2023

 Тәрбиешісі:  Тулегенова Жанат Копжановна

Мaқсаты:  Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)  танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған

іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

Әдіc - тәcілдер: «Тәй-тәй» технологиясы, сұрақ-жауап, көрнекілік

Көрнeкілік құралдар: бейнежазба, геометриялық пішіндер,үлестірмелі материалдар.

Ұйымдacтыру кезеңі:

Ал,балалар оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Балалар мына бейнежазбаға назар аударып,мұқият тыңдайық.

Мінекей балалар жаңа сендае бейнежазбадан қандай пішіндермен таныстыңдар?

- Балалар: үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Олай болса балалар үстел үсті ойының ойнайық.

Ойын: «Пішіндерге қақпақ арқылы түстерін табу».

Мақсаты:Есте сақтау қаілеті мен қол моторикасын дамыту.

Өте тамаша балалар ойынды жақсы ойнадыңдар.

Балалар осы геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастыруға болады.

Ендеше балалар қане бәріміз осы геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастырайық. Топтасып жұмыс істейік.
- Өте жақсы, жарайсыңдар!

Сергіту сәті. (музыка ырғағымен)

Қимылды ойын: Таяқшамен дөңгелекті бір-біріне беру  арқылы ептілікке баулу.
Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты:Балаларды екі топқа бөліп, тақтадағы пішіндерге түстеріне сәйкес дөңгелектерді орналастыру.

Қорытынды: - Балалар, бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?
- Иә, бүгін біз төртбұрышпен, үшбұрышпен, дөңгелекпен таныстық.
- Төртбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, түсі қандай?
- Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
- Дөңгелектің пішіні, түсі қандай?
 

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст